19 қараша 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Қаражал қаласы бойынша ҚДП “Ақ жол” филиалының үйлестірушісі Сексен
Сүлейменовтің бастамасымен қаладағы Сәкен Сейфуллиннің 4 жыл бойы жабық тұрған
бюсті қайта қалпына келтіріліп, тұрғындар назарына қайта ұсынылды.
Бұл маңызды іске партияның облыстық кеңес
мүшесі Қайрат Мұхаметжан өз қолдауын көрсетіп, ескерткіштің кәсіби
реставрациясын жасады. Осылайша ұлт әдебиетінің алып тұлғасы — Сәкен
Сейфуллиннің рухына құрмет қайта жаңғырды.
Сонымен қатар партияның бастамасымен
ескерткіш маңындағы инфрақұрылым да ретке келтірілді:
1.
кітапхана
алдындағы,
2.
теннис
кортына баратын
3.
көше
шамдарын, жарықтандыруды толық іске қосылуына септігін тигізді.
Бұл — қала мәдениеті мен қоғамдық
кеңістіктердің жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадам.
Сексен Сүлейменов: «Ұлы
тұлғаларға құрмет — ұрпаққа өнеге. Ал қоғамның мәдени және әлеуметтік
нысандарын жақсарту — біздің партияның басты міндеттерінің бірі. Ақ Жол
партиясы ел игілігі үшін нақты істерді жалғастыра береді,» — деді.
Ақ жол партиясы
әрқашан қалалар мен ауылдардағы тарихи-мәдени нысандарды қалпына келтіру,
инфрақұрылымды жақсарту және қоғамдық бастамаларды қолдауды басты бағыттардың
бірі ретінде жүзеге асырады.


