22 қараша 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Байзақ ауданы, Көктал ауылдық округінің
әкімі Серік Қайпулдаевтың бастамасымен ауыл тұрғындары «Таза Қазақстан»
жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілікке шықты.
Экоакция қатысушылары көше бойындағы тал-дарақтардың қураған бұталарын
кесіп, қураған шөптерді орып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жиылған қоқысты ауыл сыртындағы қоқыс тастайтын полигонға шығарып,
жолдардың бойын тазартты.