20
Қараша

Серік Қайпулдаевтың бастамасымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері талқыланды

20 қараша 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Көктал ауылдық округінің әкімі Серік Қайпулдаевтың бастамасымен арнайы кездесу ұйымдастырылып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Кездесуге ауылдық учаскелік инспектор, мектеп әкімшіліні, жастар ісі жөніндегі мамандар шақырылды. Мамандар жасөспірімдермен әңгіме жүргізіп, кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг пен кибербуллинг үшін тікелей әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

«Қыркүйектен бері Жамбыл өңірінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс мәселесі өршіп тұрғаны белгілі. Жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-аналарының қадағалауынсыз көшеде жүру оқиғалары да жиі кездеседі. Қаладағыдай емес, алақандай ауылда ешнәрсені жасырып қала алмайсыз. Бүгінгі жиында жастардың жауапкершілігін арттыруды, оқушыларға буллинг әрекеттерінің ауыр салдарын түсіндіруді көздедік», - дейді Серік Қайпулдаев.