2026 жылғы 6
қаңтар күні «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі, Қазақстан
Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәрсенұлы Ерубаев қаладағы
№5 Ғабит Мүсірепов атындағы орта мектепте болып, мектеп ұжымымен кездесу
өткізді.

Кездесуге Мәжіліс депутатымен бірге «Ақ
жол» ҚДП Атырау облыстық филиалының төрағасы,облыстық мәслихат депутаты Е.
Юсупов, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары С. Аманшиева,
сондай-ақ мектеп директорлары Б. Капанова мен Ұ. Ақтананова қатысты.
Қазіргі уақытта аталған мектепте
Ы.Алтынсарин атындағы мектептің шамамен 300-ге жуық оқушысы бірге білім алуда.
Бұл жағдай Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимаратының апатты
деп танылып, бұзылуына байланысты орын алған. Оның орнына 1500 орындық жаңа
мектепті ЕРС жобасы аясында салу жоспарлануда.
Мұғалімдермен өткен кездесуде педагогтар
өздерін алаңдатқан көкейтесті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, дене
шынықтыру пәнінің мұғалімі М. Кисметов жаңа мектеп құрылысының нақты қашан
басталатынына қатысты сұрақ қойды. Ал №5 мектеп директоры Ұ. Ақтананова білім
беру мекемесінде спортзалдың жетіспейтінін айтып, мектеп аумағында балалардың
қосымша білім алуына, спортпен шұғылдануына және өнермен айналысуына арналған
орталықтар ашу жөнінде ұсыныс білдірді.
Сонымен қатар мұғалімдер тіл үйретуге
бағытталған үйірмелер ашуға ниет білдірді. Мектепке апаратын жолдың жоқтығы
оқушылар мен ата-аналарға қиындық тудырып отырғаны айтылып, осыған байланысты
жаяу жүргіншілер жолын салу қажеттігі көтерілді.
.jpeg)
Кездесу соңында Мәжіліс депутаты
қорытынды сөз сөйлеп, көтерілген барлық мәселелер мен ұсыныстардың назарға
алынатынын, оларды тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастыру қажеттігін
атап өтті.
Кездесу барысында сөз алған мұғалім А.
Сарбаева Мәжіліс депутатына арнайы келіп, педагогтермен жүздесіп, олардың
мәселелерін тыңдап, қолдау көрсетуге ниет білдіргені үшін мектеп ұжымы атынан
алғысын білдірді.
