06
Қантар

Серік Ерубаев Атырау облысының БАҚ өкілдерімен кездесті

2026 жылдың 6 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің баспасөз орталығында Атырау облысының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.

   Кездесу барысында мұнайлы өңірдің жетекші журналистері Мәжіліс депутатын құттықтап, бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Атырау–Орал тасжолының – өңірді байланыстыратын негізгі тасжолдың сапасы, журналистердің мәртебесін көтеру  және жүн өңдеп, көрпе-төсек шығаратын фабриканың жұмыс істемеуі мәселесіне қатысты депутаттың көзқарасы, әуе бағыттарын субсидиялау, сондай-ақ 2025 жылы Серік Ерубаевтың қанша депутаттық сауал жолдағаны жөнінде сұрақтар қойылды. Сонымен қатар мерзімді баспасөзді қолдау мәселесіне ерекше назар аударылды.

     Өз кезегінде Серік Ерубаев қойылған барлық сұрақтарға жауап берді. Мерзімді баспасөзді қолдау мәселесіне тоқталған Мәжіліс депутаты қазіргі таңда, әсіресе жастардың көпшілігі ақпаратты телефон арқылы алатын заманда, газеттердің жарық көруінің маңыздылығын атап өтті.

Серік Ерубаевтың айтуынша, ол өзі де баспасөзді жиі оқиды және Атырауға іссапармен келген кезде «Прикаспийская коммуна» газетін тұрақты түрде қарап шығады. Осы орайда Серік Сәрсенұлы «Прикаспийская коммуна» газетінің редакция ұжымын 105 жылдық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

    Кездесу соңында «Прикаспийская коммуна» ұжымы Мәжіліс депутатына естелік ретінде «Старый город» мақалалар жинағын және Аман Мутигуллиннің рухына арналған арнайы шығарылған брошюраны табыс етті.