09
Қантар

Серік Ерубаев «Trade Industrial City» логистикалық орталығының қызметімен танысты

Бүгін, 2026 жылғы 9 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демпартиясының мүшесі Серік Сәрсенұлы Ерубаев жаңадан ашылған «Trade Industrial City» логистикалық орталығына жұмыс сапарымен барып, нысанның қызметімен танысты.

   Логистикалық орталықтың негізгі тұжырымдамасы – Атырау облысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Атап айтқанда, өңір фермерлерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін дұрыс сақтамау салдарынан туындайтын шығындардың алдын алу және өнімнің сақталу қауіпсіздігін арттыру көзделген.

     Сонымен қатар Атырау облысында өндірілмейтін көкөніс өнімдерінің кең ассортиментін импорттау жоспарланып отыр. Бұл азық-түлік тауарларының көлемін ұлғайтуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, сондай-ақ өндірушілермен тікелей көтерме келісімшарттар жасау арқылы көкөніс өнімдерін тұтынушыға жеткізу барысында делдалдар тізбегін қысқартуға мүмкіндік береді.

    Жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаты логистикалық орталықтың инфрақұрылымымен, қойма кешендерінің қызметімен, жүк өңдеу және тасымалдау үдерістерімен, сондай-ақ көрсетілетін логистикалық қызметтердің негізгі бағыттарымен танысты. Орталықтың өңірлік және халықаралық жүк ағындарын қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылды.