21
Қараша

Шахан Байкенжеев Бесағаш ауылының тұрғындарымен кездесті

21 қараша 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Шахан Байкенжеев Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлының Бесағаш ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуіне қатысып, ауылдағы шаруалардың мәселесін көтерді.

«Бұл елді мекендегі проблемалар маған жақсы таныс. Ауыл шаруалары үшін өзекті мәселе – егістік және жайылымдық жердің жайы. Қазір дихандар келер жылдың өнімін – күздік себуде. Егін шаруашылығына қатысты түйткілдерді тұрғындармен бірге талқылап, аудан басшысының назарына ұсындық», - дейді Шахан Байкенжеев.