05
Шілде

Шенеуіктердің "инвестахуалы" кәсіпорынға қиындық келтіруде

https://t.me/peruash/9428

Бүгін Алматының Тау гиганты ауданындағы жаңа жекеменшік Медикер клиникасы мен бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарда болып қайттым. 

Медикер клиникалар желісі көптеген аймақтарда жұмыс істеуде, олардың Астана мен Шымкенттегі басшылығын жақсы білемін, еліміздегі жеке медицинаның мақтанышы деп санаймын. Бірақ Тау гигантындағы жаңа кешен ұйымдастыру жағынан да, техникалық жабдықталуы жағынан да барлық межеден асып түсті. Бас дәрігер С.Шиллермен жеке медицинаның ерекшеліктері мен әлеуеті туралы әңгімелесіп, ризашылығымды білдіріп, «Ақ жол» демпартиясы экономиканың осы саласына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткіздім. 


Артынша бір жыл бұрын жаңа санитарлық ережелерге байланысты Экология департаментінің талаптары бойынша жұмысын тоқтатқан «Солнечный» сүт зауытына бардым. Кәсіпорын директоры Л.Магайдың айтуынша, зауыт жиырма жылдан бері жұмыс істеп келген, айына 6 мың тонна көлемінде зарарсыздандырылған сүт, айран, сүзбе, ірімшік және басқа да өнімдер шығарған; кәсіпорында 750-ге жуық қызметкер жұмыс істеп келген.

Алайда, тұрғын үйлерге жақын санитарлық аймаққа қатысты ережелер өзгертілгеннен кейін сүт зауытына айыппұлдар салына бастап (бірақ «заңның кері күші жоқ» деген жалпы қағида ше?!), өндіріс тоқтауға мәжбүр болды. Жұмыстың тоқтап қалуы несие бойынша төлемдердің кешігуіне әкелді, ол жабылғаннан кейін банк несие желісін жаңартудан бас тартқан.

Құрамына аталған сүт зауыты кіретін «Агропродукт» компаниялар тобының бас директоры В.Пашевинамен кездесіп, қалыптасқан жағдайды талқыладық. Холдинг қажетті несие желісін басқа өңірлердегі табысты кәсіпорындармен  қамтамасыз етуге дайын болғанымен, банктердің құлықсыздығына тап болып отыр.

Нәтижесінде, біздің ойымызша,  шенеуніктердің санитарлық талаптарға кері күнмен заңсыз өзгертулерді енгізіп қолдануы, заманауи еуропалық жабдықтармен жабдықталған сүт зауытының тоқтауына алып келді, оның үстіне, қызметінің қаржыландырылуы бұзылды. Енді бизнес екі ұдай мәселеге тап болады. Тым болмаса шенеуніктермен арадағы дауда оларға көмектесе аламыз деп сенемін.

«Нұртау Темір» ЖШС (темір-бетон конструкциялары зауыты) да шенеуніктердің кесірінен қиын жағдайға ұшырады. Б.Сағынтаевтың кезінде бұрынғы кірпіш зауытының аумағы осы кәсіпорынға іргелес орналасқан өнеркәсіптік өндіріске, теміржол желісінің жақындығы мен арғы жағындағы 40-қа жуық басқа кәсіпорынның тұрғанына қарамастан, нысаналы мақсаты ШТК-ға өзгертілген. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының (ПДП - авт.) бұлай өзгертілуі барлық санитарлық және өндірістік нормаларға қайшы келеді, оның үстіне әлеуметтік шиеленіске жағдай туғызатыны анық, өйткені мұндай тұрғын үй кешенінен пәтер алған тұрғындар көршілес өндірісті тоқтатуды міндетті түрде талап етеді. Осыған байланысты қазірдің өзінде ЖШС-нің 250 қызметкері өз тағдырларына алаңдаушылық білдіруде. Оның үстіне теміржол желісі мен оны пайдаланатын тағы 40 компанияның тағдыры туралы сұрақ туындайды.

Зауыт иесі Е.Төлепбековтің айтуынша, қазірдің өзінде әкімдік кәсіпорынды басқа жерге көшіруді ұсынып отыр. Бірақ, санитарлық нормаларды бұза отырып, жұмыс істеп тұрған өндіріске жақын жерде тұрғын үй құрылысына жер телімін бөлудің заңсыздығы; сондай-ақ, кәсіпорынның мекен-жайын ауыстыру, өндірістік ғимараттарды салу, жабдықтарды толықтай бұзып, жаңа орында қайта құру, жаңа орынды кірме темір жолдармен, электр қуатымен, сумен қамтамасыз ету және т.б. шығындарын өтеу туралы сұрақтар әлі де өзекті.

Міне, осындай «инвестахуал». 

СЭС органдары мен Бас прокуратураға шағымдануымыз үшін осы жағдай бойынша құжаттарды дайындап берулерін сұрадым.