01
Маусым

ШҚО: Балаларды қорғау күніне орай «Радуга» лагерінде сурет салу байқауы өтті

1 маусым, 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ақ жол» партиясы Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қалалық мәслихатының депутаты Дидар Жакипованың жетекшілігімен «Радуга» лагерінде бейнелеу өнері бойынша іс-шара өтті.


Шара барысында балалар арасында сурет салудан байқау ұйымдастырылып, қатысушыларға сыйлықтар таратылды.

Айта кетерлігі Дидар Жакипова өзі жетекшілік ететін "Акварель" көркем сурет студиясында мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында тегін қатысу мүмкіндігін қарастырған.