Өскемен қаласында «Ақ жол» Демократиялық партиясы Шығыс Қазақстан облыстық
филиалының өңірлік конференциясы өтті. Жиын жұмысына партия мүшелері, облыстық
филиалдың өкілдері мен бастауыш ұйымдардан сайланған делегаттар қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде 2026 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында өтетін
«Ақ жол» демпартиясының XXIII съезіне Шығыс Қазақстан облысынан делегаттарды
сайлау мәселесі қаралды.
Өңірлік конференция қорытындысы бойынша ашық дауыс беру арқылы XXIII съезге
қатысатын делегаттар құрамы анықталып, тиісті шешім қабылданды. Сайланған
өкілдер республикалық деңгейде аймақ мүддесін таныстырып, партияның алдағы даму
бағыттарын айқындауға атсалысады.