28
Қыркүйек

Өскемен қаласында балалар арасында таеквондодан ашық чемпионат өтті

28 қыркүйек 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Өскемен қаласында 2016-2017 ж.т. және 2014-2015 ж.т. балалар арасында таеквондодан ашық чемпионат өтті. Жарысқа барлығы 105 жас спортшы қатысты.

Байқауға Көкпекті ауданы, Семей қаласынан 3 команда, сондай-ақ ШҚО «Достар» спорт клубы, «Бейбарыс» спорт клубы және ШҚО СДЮШОР-дың жасөспірімдері қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.

Чемпионатқа «Ақ жол» партиясы ШҚО филиалы басшылығы демеушілік жасап, жас спортшыларға қолдау көрсетті. Партия әрқашан балалар мен спортты қолдап, салауатты өмір салтын насихаттауды маңызды бағыттарының бірі санайды.