14
Қараша

Смағұлов Рүстем Сағадатұлы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумына қатысты

14 қараша 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы

“Ақ жол” Демпартиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Смағұлов Рүстем Сағадатұлы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумына қатысты. Форум Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті.

Іс-шараға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, салалық қауымдастықтардың, халықаралық ұйымдардың өкілдерін, инвесторларды, сала ардагерлерін, сондай-ақ аграрлық сала мамандықтары бойынша оқитын студенттерді қоса алғанда, 2000-нан астам қатысушы жиналды.