30 қаңтар 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Бүгін Тараз
қаласындағы С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектепте сайлаушыларыммен кездесу
өткіздім.
Кездесуде 2023-2024 жылдары атқарылған жұмыстар туралы баяндап, сайлау
округіне қарасты аумақта нақты қандай мәселелер шешімін тапқанын атап өттім.
Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен алдағы жоспарларға тоқталдым.
Шаһардағы өзім сайланған сайлау округінде бірнеше қордаланған түйткілдер
маған жақсы таныс. Депутат ретінде зерделеу жұмыстарын жүргізген кезде
анықталған кемшіліктер назарымда. Кездесулерде тұрғындар да осы мәселелерді
көтерген болатын. Тиісті органдарға, қала әкіміне депутаттық сауал жолдап,
проблемалардың шешілуін назарға алғаннан кейін олардың бірқатары шешімін тапты.
1. Арка жөнделді, көшелерде жарықтандыру
мәселесі шешімін тапты. Апта сайын» «Жасыл Ел – Тараз» мекемесінің
жұмысшылары «Мамыр саябағы» аумағында
тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды шығаратын болды;
2. «Арбат – 2» аллеясындағы субұрқақтарға
күрделі жөндеу жүргізілді. Енді жаздың аптап ыстығында тұрғындар аллеяда
сейілдеп, демала алатын болады;
3. Төле би көшесінің бойындағы № 4
жатақханаға күрделі жөндеу жүргізілді; жылыту жүйесі, подьездер, шатыр және т.
б. жаңғыртылды;
4. Сыпатай батыр және Төле би көшесінен
бастап «Чайка» сауда үйіне дейін М-1 жылу магистралі ауыстырылды;
5. 1 және 2 тұйықтарымен бірге Степная
көшесіне асфальт төселіп күрделі жөндеу жүргізілді;
6. Өзбек көшесі (3-ші тұйық көше)
бойындағы балаларға арналған жаңа футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді;
7. Абай көшесімен Самарқанд көшесіне,
сондай-ақ Абай көшесі мен Сыпатай батыр көшесіне (промзона) теміржол өткелдері
арқылы өтетін жаңа көпір құрылысының сметалық жобасы бекітілді. Бұл құрылыс осы
көшелердегі кептелістерді азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта
республикалық бюджеттен қаржыландыру күтілуде:
8. Балуан Шолақ көшесіндегі «Автогид»
автомобиль бөлшектері базары ауданында жол учаскесі мен айналма жол
асфальтталып, күрделі жөндеу жүргізілді;
9. «За линией» аталып кеткен теміржолдың
арғы бетіне өтетін көпірасты жолындағы жүктемені азайту қосымша жолақтар
(автокарман) салынып, пайдалануға берілді;
10. Мәмбет батыр көшесін («Ауыл-Береке»
базары аумағын) кеңейте отырып, автомобиль тұрақтары салынып, күрделі жөндеу
жүргізілді, бұл демалыс күндері және қарбалас уақытта автотұрақтар мен
автомобиль кептелістерін түсіруге мүмкіндік береді;
11. Округ арқылы өтетін «Түйте» каналының
учаскесін мемлекеттік меншікке қайтару, канал аумағына тазалық жұмыстарына
«Жасыл Ел-Тараз» МКК жауапты етіп бекіту мәселесі – назарда тұр. Әсіресе, канал
маңындағы тұрғын үйлерді су тасқынан сақтау үшін күзгі және көктемгі кезеңдерді
тазалық жұмыстарын жүргізу аса маңызды;
12. Сондай-ақ 2025 жылы С.Нұрмағамбетов
атындағы №10 орта мектептің ауласына жылға арналған футбол алаңын салу жоспарға
енгізілді.
Бұл өзім сайланған сайлау округі бойынша
2023-2024 жылдары жүргізілген жұмыстар. Алда атқаратын жұмыс көп. Өз
сайлаушыларыммен бірге көкейкесті проблемаларға дер кезінде назар аударып,
мәселелердің шешілуіне ықпал ететін боламын.