08
Сәуір

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатындағы "Ақ жол" фракциясының жетекшісі Евгений Кинцель Мамлют ауданының азаматтарын қабылдады

8 сәуір 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатындағы "Ақ жол" фракциясының жетекшісі Евгений Кинцель Мамлют ауданының азаматтарын қабылдады.

Тұрғындарды қабылдау Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет комиссиясының төрайымы Сәуле Сұрағанова және Мамлют аудандық мәслихатының хатшысы Ралия Нұрмұқановалармен бірлесіп ұйымдастырылды.

Қабылдауда өнер мектебін жөндеу, ауыл мектебінде интернеттің жоқтығы және Мамлют ауданының тұрғындарын толғандыратын басқа да мәселелер қаралды. Аталған өзекті мәселелер Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет комиссиясының отырысында қаралатын болады.