30
Қыркүйек

Студенттерге «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» байқауы таныстырылды

30 қыркүйек 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің тарих факультетінің студенттерімен кездесу өтті. Жиында «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Шуханов Адай Кенжебайұлы студенттерге дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауын таныстырды.

Кездесу барысында қатысу шарттары мен талаптары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, ақпараттық буклеттер таратылды.

·        Байқаудың негізгі мақсаты – «Алаш» қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық ұстанымдарын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғыртуға үлгі ретінде насихаттау.

· Қатысушылар байқауға өз шығармашылық жұмыстарын – эссе, мақала немесе ғылыми шығарма түрінде қазақ және орыс тілдерінде жолдай алады.

Адай Кенжебайұлы студенттерді белсенділік танытып, өз идеяларын шығармашылық тұрғыдан ұсынуға шақырды.