16 мамыр 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
2025 жылғы 16 мамырда «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық
филиалында Қытай Халық Республикасының Чанду провинциясынан келген кәсіпкерлер
делегациясы мен қазақстандық бизнес өкілдерінің кездесуі өтті.
Қытайлық іскерлік делегацияны Shangu Bajia investment Co. инвестициялық
және басқарушы компаниясының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы
Чжэн Хайфенг таныстырды. Құрамында медицина, жасанды интеллект, ақпараттық
технологиялар, инвестиция, білім беру және логистика салаларында жұмыс істейтін
9 компанияның өкілдері болды.
Қазақстандық тараптан кездесуге «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы
қалалық филиалының қызыметкерлері және “Ақ жол” партиясының Жастар Кеңесінін
төрағасы Ханза Насурлаев Және
отандық компаниялар қатысты:
• Dorba Box (азық-түлік жеткізу
қызметі);
• Dolce Pharm (медициналық
бұйымдар шығаратын зауыт);
• Abdet Consulting (заңгерлік
компания).
Айта кету керек, «Dolce Pharm» компаниясының стратегиялық даму қызметінің
жетекшісі Бақыт Тілектес қонақтарды болашағы зор жобамен — медициналық
кластермен таныстырды. Бұл жоба қытайлық тараптың ерекше қызығушылығын тудырды.
Кездесу барысында медицина саласына жасанды интеллект енгізу, дәрі-дәрмек
қоймаларын ұйымдастыру және медициналық препараттарды автоматтандырылған түрде
өндіру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қытайлық кәсіпкерлер Қазақстан экономикасының нақты
секторында әріптестік орнатуға, елде филиалдар ашуға және инвестициялық ахуалға
қызығушылық танытты.
Кездесу соңында тараптар өзара байланыс деректерімен алмасып, әрі қарай
нақты келіссөздер жүргізуге ниет білдірді.

