11
Қантар

Тарихпен тарихшылар айналасу керек

11 қантар 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы

ҚР Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Алматыдағы іс-сапарын Ш. Уәліханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры және бөлім басшыларымен бастады. Институт директордың орынбасары, тарих ғылымының кандидаты Шамек Тлеубаев мекеменің ұжымына депутатты таныстырды.

Жиынды бастаған Қазыбек Иса өз сөзінде “Ақ жол” партияның Мәжіліс деңгейде көтерілген сауалдарына нақтырақ тоқталды.

Ғылыми мекеменің қызметкері Жомарт Жеңіс, бөлім меңгерушісі,  бірнеше маңызды сұрақтар көтерді. Оның басты сауалы Ресейде қөптеген құнды архивттік материалдар орналасқан, алайда сол жақтағы билік пен ғылыми қауымдастығы Қазақстанның тарихшыларына архивті алуға шектеу қойған тіпті “персона нон грата” деген статус берілген. Сол себептен ғалымдарға ғылыми жаңалықтарды жариялау қиынға түсіп отыр. Айтпақшы, “персона нон грата” тізімінде ішінде Қазыбек Исада бар екен.


Ауезхан Шашаев, тарихшы, бөлім маманы  Институттың ғылыми жобаларына бағытты қаржыландыру туралы сөз көтерді. Маманның айтуы бойынша былтыр ғылыми жобаларға жеткілікті қаражат бөлінген, бірақ осы жылы Мекемеге ақша қарастырылмаған, сондықтан бұл жағдай жұмысшылардың еңбек ақыға қатты әсер ету мүмкін. Депутатқа қойылған сұрақтардың бірі ғылыми еңбектерді басылымы. Қазақстанда бұл жұмыстың белсендігі өте төмен, халық ғылым қауымдастығының жетістіктерін күә болмайды, осыған тарихшылар алаңдауда.

Шамек Баянович кино түсіру саласында әсіресе тарихи туындыларды, телехикаяларды өндіріс үрдісте кәсіби тарихшыларды кеңесші ретінде тарту туралы ұсыныс айтты, өйткені тарихи деректермен толыққан көркем кескіндемелер сапаны арттырады. Институт директорының орынбасары ғылыми қызметкерлердің еңбек ақы туралы сауал көтерді. Жалпы Қазақстанда бірнеше жыл бойы ғылымды зерттейтін адамдардың еңбек ақылары өспей жатыр.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса барлық сауалдарды жазбаша түрде жіберуді сурады.