22
Қараша

Таза қала – Таза Қазақстан!

22 қараша 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында бүгін Орал қаласында «AQ JOL» ҚДП БҚО филиалының ұйымдастыруымен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің және өңірдегі төрт жоғары оқу орнының белсенді студенттерімен Ақжолдық жастардың қатысуымен кең ауқымды сенбілік өтті.

Экологиялық шара барысында Алексей Черекаев көшесі, жаяу жүргіншілер аймағы және оған іргелес аумақтар тұрмыстық қалдықтардан толық тазартылып, қоғамдық кеңістіктің келбеті ретке келтірілді.

Студент жастардың азаматтық жауапкершілігі мен белсенділігі – өңірдің экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам. Бұл эко-акция жас ұрпақтың табиғатқа деген ұқыптылығын арттырып, экосананы дамытуға айрықша үлес қосты.

Еске сала кетейік, аталған шара –  партия филиалының жастар қанаты мен өңірдің төрт жоғары оқу орны арасындағы қабылданған ынтымақтастық декларациясы аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар ортақ жобалардың бірі. Ортақ іске белсене үлес қосқан барлық қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Бұл – «AQ JOL» партиясының БҚОФ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жүйелі бастамаларының бір парасы ғана. Табиғатты аялау – ортақ міндет!