15
Қараша

Төлепбаеваны Найля Ерімқызын «Еңбегім еліме» құрмет белгісімен марапаттады

15 қараша 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Астана қалалық филиалы мұнара кранында 20 жылдық жұмыс өтілі бар краншы, InvestCity ЖШС қызметкері Төлепбаеваны Найля Ерімқызын «Еңбегім еліме» құрмет белгісімен марапаттады.

Филиал атынан марапатты мәслихат депутаты Садырбаев Нұржан Есентайұлы және партияның белсенді өкілі Серікбай Тәшен Тұрсынбайұлы табыстады.