10 қараша 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
Түркістан облыстық мәслихатының алдағы кезекті сессиясында Білім
басқармасының есебі тыңдалмақ. Осыған байланысты мәселені жан-жақты зерделеу
және сессия қарауына дайындау мақсатында уақытша депутаттық комиссия білім
ошақтарының жұмысымен танысып шықты.
«Ақ жол» партиясының өкілі, облыстық мәслихат депутаты Жамшидбек Туламетов
бастаған бір топ депутат Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында болып,
«Жамбыл» атындағы мектепке барды.
🔹 Асхана, кітапхана және медициналық қызмет көрсету кабинеттерінің
талаптарға сай еместігі анықталды.
🔹 Оқушылар санының көптігінен мектепте 3 ауысымда оқу қаупі бар.
🔹 Мектепке 500 орындық жаңа ғимарат салу қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, депутаттар Манкент ауылындағы «Ибрагим ата» атындағы
мектебіне барды. Мұнда да қосымша ғимарат салу қажеттігі туындаған.
Бұл мәселелер тұрақты комиссияның алдағы отырысында егжей-тегжейлі қаралып,
білім саласындағы түйіткілдерді шешу жолдары талқыланатын болады.




