17 қазан 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
Іс-шараға “Ақ жол” партиясының өкілі, облыстық мәслихат депутаты Сұлтан
Көшенов қатысып, орталықта еңбек етіп жүрген барлық дәрігерлер мен медицина
мамандарын мерейлі мерекемен құттықтап, шынайы алғысын білдірді.
Депутат өз сөзінде денсаулық сақтау саласының мамандарына зор денсаулық,
қажымас қайрат, кәсіби жетістіктер мен жаңа бастамаларда табыс тіледі.
Сондай-ақ қоғамның құрметіне бөленіп, отбасыларына амандық пен бақ-береке
тіледі.
Бұл — медицина саласына өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген ақ халатты абзал
жандарға көрсетілген құрмет пен ризашылықтың айғағы.

