29
Қыркүйек

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ XVIII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

29 қыркүйек 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы

Бүгін облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішовтың жетекшілігімен кезекті сессия өтті.

Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, депутаттар, “Ақ жол” партиясының өкілдері Сұлтан Көшенов, Ержан Үсентаев, Жамшидбек Туламетов, Қанат Нышанов және мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

 Күн тәртібінде өңір үшін маңызды 11 мәселе қаралды.

▪️ Экономикалық өсім – 115,8%

▪️ Өңірлік өнім көлемі – 3 трлн теңге

▪️ Өнеркәсіп өндірісі – 982,3 млрд теңге (+13,1%)

Сонымен қатар, туризмді дамыту және жол инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Барлық мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, депутаттар белсенділік танытты.

Зұлпыхар Жолдасов халықтың игілігі үшін бірлескен жұмысқа сәттілік тіледі.