29 қазан 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
Отырысқа “Ақ жол” партиясының мүшесі, Түркістан облыстық филиалының төраға
орынбасары, Қоғамдық кеңес мүшесі, бақылау комитетінің төрағасы Нұржан Есенбаев
қатысты.
Күн тәртібінде 21 мәселе қаралды, барлық тиісті басқарма басшылары,
мамандар қатысты. Атап өтетін болсақ Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің
құрамына өзгерістер енгізу туралы. Оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар
азаматтарды қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы есеп тыңдалып, ұсыныстар айтылды:
1. Мүгедектер арбасына байланған азаматтарды облыстың алыс өңірлерінен
сауықтыру мекемелеріне тасымалдауды шешу максатында Қағидаға өзгерістер енгізу
туралы тиісті органға хат жолдау;
2. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға облыс аумағында жаңадан ашылған оңалту
бағытындағы мекемелерге қолжетімділік мәселесін және инватакси қызметін шешу
жолдарын қарастыру;
3. Мемлекеттік меншіктегі оңалту орталықтарында логопед, дефектолог, дене
машықтарын бейімдеу /АФК адаптерный физический культурник/ мамандар мәселелерін
шешу жолдарын қарастыру;
4. Жеке оңалту саласында облыс өңірлерінде атқа міну терапиясын қолдануды
қарастыру;
Мүгедектер пандусын дұрыс жасамаған бизнес нысандарына айыппұл салу
мәселесі көтерілді. Мәселеге қатысты Нұржан Есенбаев бизнес нысандарына айыппұл
салмай, сол қаражатты пандустарды жөндеу жұмыстарына жұмылдыру керек деп өзінің
ұсынысын айтты.
Жиынның соңында
Қоғамдық кеңес төрағасы бақылау комитетіне облыстағы уақытылы бітпеген
құрылыс нысандарды, тұрғын үйлерді бақылауға алуды тапсырды!


