15 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Көктал ауылдық округінің әкімі Серік
Қайпулдаевқа қайырылып, партия атына ұсыныс-өтініш айтып келетіндер көп.
Тұрғындар көтеретін мәселелердің дені – сыбайластық сипатындағы
бюрократиялық кедергілер.
Осыған байланысты ауыл әкімі Көктал ауылдық мәдениет үйінде заңгер, құқық
қорғау органдарының мамандарын шақырып, кездесу өткізді.
Кездесуде мамандар тұрғындарға құқықтық кеңес беріліп, азаматтардың
көтерген сауалдарына жауап берді.