Қазақ үні (Алматы), № 26 (635), 30.06.2014 ж.
Азат Перуашев заңнамаға авиакомпаниялардың өздерінің коммерциялық тәуекелдерін жолаушыларға аудара салуына тыйым салатын түзетулерге бастамашылық жасамақшы. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының көшбасшысы кеше Мәжілісте өткен экономикалық реформа жөніндегі комитеттің авиатасымалдау мәселелерін қараған отырысының қорытындысында мәлімдеді.
Депутат отырыс барысында өз отбасын, төрт баласымен билеттерінің болғанына қарамастан Шымкент-Астана рейсінен түсіріп тастағаны туралы жағдайды мысалға келтірді.
«Менің отбасыма олардың ВИП арқылы өтуі керек екендігін түсіндірген, және сол кезде депутаттың балалары екенін білгенде, оларды міндетті түрде отырғызушы едік дегенді айтқан. Мәселе менің жеке басымда болып тұрған жоқ, бүл дегеніміз, «Еуропадағы таңдаулылардың бірі» төрт жұлдызды компанияның клиенттерге - қатардағы Қазақстан азаматтарына қалай қарайтындығына көрнекті көрсеткіш. Сонда жұбайы немесе әкесі - не депутат емес, немесе ешқайда жұмыс істемейтін адамдармен не болып жатқанын, көз алдыма елестете аламын. Менің ойымша, кез-келген азамат лайықты қызмет көрсетілу қуқығына және өз қүқықтарын қорғауға қақысы бар», - деп атап өтті Перуашев.
Бұл сұраққа жауап берген «Эйр Астананың» президенті Питер Фостер, өзінің бүл жағдай туралы білмегенін және тәртіпке салуға уәде беріп, өкінішін білдірді. Алайда, Азат Перуашев мұндай жауаппен келіспейді: «Өйткені, мәселе менде болып тұрған жоқ, отбасым менсіз ұшқан. Мәселе мынада, қарапайым адамдар монополистің осындай озбырлығының алдында қорғансыз. Дамыған еуропалық елдерде жолаушыларға осылай қарауға рұқсат етілген деп ойламаймын. Ұшаққа келмей қалғаннан келген шығын - бұл авиакомпаниялардың өздерінің коммерциялық тәуекелдері, неге олар оны аяқ астынан адал клиенттерге аударып отыр? Бүл тұтынушылардың құқығын тікелей бұзу: өйткені адам билеттің құнын адал төлейді, өзінің жұмыс кестесін жоспарлайды, көрсетілген уақытта рейске келеді - яғни, шартқа сәйкес өз міндеттерінің барлығын орындайды. билетте сондай болып табылады. Ал, олар оның алдынан есікті тарс жауып, оның жоспарларын бұзады және оны түксіз қалдырып, одан кешірім де сұрамайды».
Авиакомпаниялар өздерінің коммерциялық тәуекелдерін ұшудан бастартқандары үшін қайтарып алатын сомадан ендіруі, немесе, тіпті болмаса сақтандыруы тиіс. Тек, адал жолаушыларға аудармауы керек. Оның үстіне, бүгінгі отырыс көрсеткендей «Эйр Астананың» билетінің құны, осыған сәйкес қашықтықтағы ресейлік компаниялардың билеттерінен 40-45 %-ға қымбат, осындай кеп айырмашылықтың пайда болуын ешкім де сендіріп түсіндіре алмады. Осыншама екіжүзді жауапқа не Бәсекелесті қорғау жөніндегі агенттіктің басшылығы, не Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшылығының қарсы болмағаны мені де ашуландырады» - деп мәлімдеді ол отырыс аяқталған соң, компанияны өзінің балаларымен болған нақты жағдай бойынша сотқа беруге ниеті барын хабарлады.
Депутат сондай-ақ рейстегі орындардың санынан асатын билеттерді алып сатуды қолданатын авиакомпаниялар үшін жуырда Ресейдің айыппұл енгізгенін еске салды.
- Біздің елімізде осындай жағдайлардың ерекшелік емес. тіпті әдетке айналып бара жатқанын ескере отырып, осындай тыйымдарды біздің заңнамаға да енгізуді әзірлейтін боламыз - деп сендірді Азат Перуашев, - себебі, біз өзімізді өзіміз сыйлауға мәжбүрлемесек, ешқандай да шетелдік менеджерлер біздің азаматтарды сыйламайды. Мен жағдайға жеке бастың ісі емес, авиатасымалдаушылар мен қатардағы азаматтардың арасындағы қатынастардағы жүйелік проблема ретінде берілген нақты осындай бағаны меморгандардың ішінен жалғыз қолдаған Транспорт министрі Жеңіс Қасымбекке алғысымды білдіремін.