28 қыркүйек 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы
“Ақ жол” демпартиясынан сайланған № 11 сайлау округінің депутаты Вадим Кұлмағамбетов «Азаттық» көшесінің тұрғындарымен кездесті.
№ 11 сайлау округінің депутаты Вадим Кұлмағамбетов Азаттық және Махамбет
көшелеріндегі № 60, 60А, 130, 130А, 128, 128А және 128Б үйлердің тұрғындарымен
кездесу өткізіліп, онда аулаларды абаттандыру мәселелері, жол қозғалысы
қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға
қатысты талап-тілектері талқыланды.
Атап айтқанда, Азаттық көшесі бойындағы № 60, 62, 64 үйлердің жаяу
жүргіншілер тротуарлары жарамсыз күйге түсті, тротуарларды қайта жөндеп,
жарықтандыру орнату, Махамбет көшесіндегі № 130, 128 үйлер мен Азаттық
көшесіндегі № 60, 62, 64 үйлердің шатырларын жөндеу, себебі қолайсыз ауа
райында (жаңбыр, қар кезінде) жоғарғы қабаттағы пәтерлер су басуына ұшырайды,
Махамбет көшесіндегі № 128 үйдің кәріз құбырларын ауыстыру; қаңғыбас иттерді
аулау; қоқыс жәшіктерін қолайлы жерге көшіру, себебі жауын кезінде оларға
қолжетімділік шектеледі; қоқысты уақытылы шығару; Махамбет көшесіндегі № 128Б
және 130А үйлердің артындағы гараж аумақтарын санитарлық тазалау; аула ішіндегі
ағаштарды суару үшін су құбырларын жүргізу.
Кездесу соңында, қалалық мәслихат депутаты Вадим Құлмағамбетов тұрғындардың
көтерген мәселелері бойынша құзырлы мекемелерге депутаттық сауал жолдайтынын
айтты.

