27 қыркүйек 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы
“Ақ жол” ҚДП-нан сайланған № 11 сайлау округінің қалалық мәслихат депутаты
Вадим Кұлмағамбетов «Химпоселок» шағынауданының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар бірқатар мәселелерді көтерді.
Атап айтқанда, Г.Канцев және С.Датов көшелері маңындағы теміржол өткелінде
автомобильдік эстакада немесе көлік көпірін салу қажеттілігі, Химпоселок
шағынауданына кәріз жүйесін салу, дәрігерлік амбулатория салу, жаяу
жүргіншілер, тротуарларын салу,
аялдамалар орнату, балалар және футбол алаңдарын салу, ағаш электр бағаналарын
ауыстыру, ТЭЦ жанындағы теміржол өткелі арқылы өтетін автомобиль жолын жөндеу,
ауыз су қысымын көтеру (қазіргі таңда қысым төмен), №7 орта мектептің жанында
автотұрақ орындарын кеңейту, мектеп аумағындағы ескі резервуарды бұзу, мектеп
ауласындағы ағаш бағаналар мен кірпіштен салынған электр трансформаторы
ғимаратын бұзу, санитарлық тазалық
жұмыстарын дер кезінде жүргізу және қоқысты уақытылы шығару.
Қалалық мәслихат депутаты Вадим Құлмағамбетов тұрғындардың көтерген
мәселелері бойынша құзырлы мекемелерге депутаттық сауал жолдайтынын айтты.
