26 шілде 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы
Орал қаласындағы «Самал» туристік лагерінде «AQ JOL» ҚДП БҚО филиалы мен
қалалық полиция басқармасының ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдерге
арналған «Заң мен Зейін – Тәртіп пен Қауіпсіздік күні» атты танымдық іс-шара
өтті.
Бұл кездесудің мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп
пен қауіпсіздіктің маңызын түсіндіру және құқық қорғау органдарымен ашық әрі
сенімді байланыс орнату.
Балалар үшін қызықты да маңызды әрі мазмұнды бағдарлама дайындалып тәтті
сыйлық табысталды. Олар полиция қызметкерлерімен тілдесіп, арнайы қызметтік
көлікпен техникаларымен танысты. Заң мен тәртіп тақырыбында «АқылBattle»
интеллектуалды ойын ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдерін сынады. Ал «OpenSөz»
атты ашық диалог алаңында балалар қалалық ПБ ЖПҚб бастығы, полиция
подполковнигі Лесбек Шадияровпен еркін пікір алмасып, қауіпсіздік пен жауапкершілік
жайында ой бөлісті.
Заң бар жерде – тәртіп, ал тәртіп бар жерде – қауіпсіздік пен сенім
орнайды.







