8 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Бүгін Жамбыл облыстық филиалының жоспары аясында саяси партиялар мен
азаматтық қоғам институттарының Жаңа Қазақстан моделін қалыптастырудағы рөлі
тақырыбы бойынша жастарға кездесу-дәріс өткізілді. Филиал төрағасының
орынбасары С.Абдусаттарова мен заңгер Ж.Сариев Партиямыздың саяси
бағдарламасының негізгі бағыттарын, сондай-ақ, жергілікті депутаттар мен
Парламенттегі фракцияның азаматтардың мүддесі үшін атқарып жатқан жұмыстары
туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, жастарға қоғамдық-саяси жұмыстарға
араласудағы олардың құқықтары мен мүмкіндіктері айтылды.