27 тамыз 2025
жыл, Павлодар облыстық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Екібастұз қалалық
мәслихат депутаты (Павлодар облысы) Жанат Ибраев Н.К.Макраевтің төрағалығымен
Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысына
қатысты.
Отырыста қолданыстағы заңнамаға
енгізілген өзгерістерге байланысты Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін
көрсету тәртібіне енгізілетін өзгерістер жобасы қаралды.
«Ақ жол» партиясының депутаты
Жанат Ибраев отырыста қала көшелерінде контейнерлердің жеткіліксіздігі, желден
қорғалмауы мәселесін көтеріп, Екібастұз қаласы әкімдігінің «Тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
ММ-на жеке сектор тұрғындарын қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған
контейнерлермен қамтамасыз ету және қаланың шет аймақтарына контейнерлік
алаңдар орнату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпарат беруді ұсынды.
Сонымен қатар, депутат осы мәселе
бойынша қабылданған шаралар жөнінде тиісті органдарға есеп беруді ұсынды.
Жанат Ибраевтың ұсынысы
қабылданып, кеңейтілген отырыстың хаттамасына енгізілді.
Қалалық мәслихаттың сайлау
комиссияларының құрамына бос орындарға байланысты өзгерістер енгізу жөніндегі
уақытша комиссиясының жүргізген жұмысымен қалалық мәслихаттың депутаты
Д.М.Сиваракша таныстырды. Қаралған мәселелер мақұлданды және сессияда бекітуге
ұсынылды.



