10
Қазан

Жанбота Басие сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті 43-сессиясына қатысты

10 қазан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Жанбота Басие сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті 43-сессиясына қатысты. Күн тәртібінде аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің есептері қаралып, құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды.

Аудан орталығындағы МЭЗ аумағындағы балаларға арналған ойын алаңшасы салынса деген тілекті көпшілік көптен бері айтып жүрген. Сессияда тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін мәселені ақжолдық депутат Жанбота Басие қозғап, аудан әкімдігіне ұсынысын жеткізді.

«Аудан басшылығы алдағы уақытта осы бағытта қосымша қаржы көзін қарастырып, мәселені шешу жолдарын қарастыруға уәде берді. Балаларымыздың бос уақытын тиімді өткізіп, қауіпсіз ойнайтын орта қалыптастыру – болашағымызға жасалған қамқорлық. Аудан халқының игілігі үшін атқарылар істер әлі де жалғаса береді», - дейді Жанбота Басие.