29 қазан 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен “Жас
сайлаушылар клубының” кезекті отырысы өтті. “Ақ жол” демпартиядан Шымкент
қалалық филиалдын “Ақ жол” партиясының Жастар кеңесінің үйлестірушісі Аяулым
Леспаева қатысты.
Кездесу барысында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Құнанбаев Қайырбек
Көбекұлы, заңгер Асыл Баянұлы Идрисов пен комиссия төрағасының орынбасары
Нұрлан Мархабатұлы Байғұт жас сайлаушыларға сайлау учаскелеріндегі жұмыстар мен
дауыс беру тәртібін жан-жақты түсіндіріп берді.
Қалалық комиссияның мәліметінше, бүгінде Шымкент қаласында 356 сайлау
учаскесі бар. Клуб мүшелері сайлау процесін ұйымдастыру, құқықтық мәдениетті
арттыру және азаматтық белсенділікті дамыту бағытында білімдерін жетілдіріп
отыратын болады.

