18
Қантар

«Жасыл экономиканың» жағымды жақтары

Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты:

Бұл жолғы Жолдауында Президент «жасыл» технологиялар инвестициялайтын бизнесті ынталандыруға шақырды. Бұл өте қызық серпіліс. Біріншіден, қоғам мен бизнестің өнімді пайдалануға деген жауапкершілігін ғана емес, олардың қалдықтарды кәдеге жаратауға деген жауапкершіліктері туралы сөз болуда.

 

Бүгінде әр қаланың айналасында полиэтиленді пакеттердің көп мөлшерінің желмен дала жатқанын көреміз. Өзендер мен көлдер түбі капронды желілерге толып қалған, олар өздігімен ыдырамайды және балықтарды пайдасыз өлтіруді жалғастыруда. Жергілікті жолдардың жолжағалары автокөлік дөңгелектерінің қалдықтары және т.б. бұл сұрақтардың Заңнамалық тұрғыда реттелуі, бизнестің шектеулік жүйеге енуі және қалдықтардың утилизациялануы шетін өзекті тақырып. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, жақында полиэтиленді пакеттердің сатылымына кезеңдер бойынша тиым салынатыны туралы жоспарды таныстырды. Меніңше мұндай идеялар тура және көтерме сауда жасауда ұқсас заттардың болуы кезінде назар аударуға тұрарлық. 

Екіншіден, «жасыл экономиканың» келесі жағы бар, оны Елбасы атап кетті: бұл экологиялық таза өнім өндіру. Өзімнің жеке тәжірибем бойынша айта аламын, көрші елдерде – Ресей, Қытай, Өзбекстанда бола отырып, адамдардың қазақстандық тауарлар туралы ең алдымен, ұн, ет өнімдері, өсімдік майлары туралы өте сапалы және экологиялық таза деген пікірлерін бірнеше рет естідім. Және біздің көбіміз солай санаймыз, бұл біздің отандық өнімдердің экологиялық таза екендігін білдіреді. 

Бірақта осыдан аз уақыт бұрынғы жер мәселесі бойынша пікір-талас, қазіргі жағдайда шын мәнінде ешкімнің жер сапасының тиісті бақылауына және агротехнологиялардың тазалығына кепілдік бере алмайтындығын анықтады. Керісінше, лас химиялық тыңайтқыштардың, ГМО және т.б. қолданғаны туралы хабарлар түсті. Денсаулық министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің хабарламасында отандық азық-түлік өнімдерінің айтарлықтай үлесі (12%) қауіпсіздік пен сапа талаптарына сәйкес еместігі айтылады, бұл өз кезегінде, қазақстандық таза өнімдер брендін сақтап қалудың үлкен тұрақты жұмыстарды қажет ететіндігін дәлелдейді. Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясының депутаттарымен отандық өнімдердің, сондай-ақ, импорттық тауарлардың қауіпсіздік пен сапа талаптарына сәйкестендірілуі мемлекеттік органдар алдына жиі қойылып келеді. 2014 жылдың қарашасында Мәжілістің экономика және аудандық даму бойынша комитеті үкіметте бұл бағытта арнайы ұсыныстар қабылдады. Қазір Мәжілісте, депутаттардың бұл салада тәртіпке келтіруге көздері жеткізілген, «Стандарттау туралы» заң жобасы жатыр. Жақында болған, Бірінші вице-премьер Асқар Маминде Мәжіліс депутаттарының қатысуымен өткен жиналыстың қорытындысы бойынша және ҰКП қауіпсіздік және сапа мәселелерін жүйелік жылжыту бойынша шешім қабылданған. Бұл тек қана, азық-түліктік тауарларға ғана қатысты емес, мемлекетпен техникалық регламенттер және ұлттық стандарттар бекітілген барлық өнімдерге қатысты – ойыншықтар, автокөліктер, ғимараттар, дәрі-дәрмектер және т.б. Бұл барлық көрсетілген шаралар Президент Назарбаевпен бекітілген негіздерде нақты нәтижелер алып келеді деп сенемін.

Alashainasy.kz