10
Қараша

ZhasNetwork: Жастар серіктестігі жаңа деңгейде!

10 қараша 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

ҚДП “Aq Jol” Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен ерекше форматтағы “ZhasNetwork” жастар жүздесуі өтті.

Бұл кездесуде партияның жастар қанаты, жоғары оқу орындарының студенттік ректорлары мен белсенді жастар бас қосты.

Басты мақсат — жастар арасындағы серіктестік пен өзара қолдауды нығайту, жаңа идеялар мен бастамаларды бірлесіп дамыту.

Кездесу барысында партияның жастар қанаты мен өңірдің ЖОО студенттік ректорлары арасында ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды.

Бұл — жастар саясатын жаңа деңгейге көтеріп, елдің даму жолында жас көшбасшылардың рөлін арттыруға бағытталған нақты қадам.

“ZhasNetwork” – тек кездесу емес, болашақтағы жастар серіктестіктерінің алаңы.