11
Қантар

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК МӘШБЕКҰЛЫ НӘЛІБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЗЫБЕК ИСАМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін, 11 қаңтар күні  облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, белгілі ақын Қазыбек Исамен кездесті. Кездесуде ауылдардың инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету және әлеуметтік салада атқарылған істер мен алдағы міндеттер талқыланды.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев өз кезегінде: «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында»  стратегиялық мақсаттар белгіленген. Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне шаруашылықты өркендетуге берілетін субсидияларды, басқа да қаржылай қолдауларды тиімді әрі мақсатты пайдалануды тапсырды. Біздің басты міндетіміз – ауыл халқының табысын, өмір сүру сапасын арттыру.  Біздің аймақ тұрғындарының  53 пайызы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында арнайы әдістеме бекітілгені белгілі. Ол бойынша 59 тірек, 43 спутник елді мекен бар. 2022-2024 жылдары 78 ауылда 31 млрд. 600 млн. теңгеден астам қаржыға 343 әлеуметтік, инженерлік- инфрақұрылымдық  жоба жүзеге асырылды», – деді.

Кездесу барысында Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясының алдағы кезеңге арналған жоспарына тоқталып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бастамалары мен атқарылған жұмыстар туралы ой-пікірімен бөлісті. Қазыбек Иса өзінің бүгінгі іс-сапары барысында  бірнеше мәдени-әлеуметтік нысандарды аралағандығын және осы тұрғыда аймақ басшысының қол жеткізген жетістіктерін өз көзімен көргендігін айтты. Сондай-ақ, Сыр өңірінің қарқынды дамып келе жатқанын, өңір бойынша ауқымды жұмыстардың атқарылғандығын айта келе, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевқа Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, аз уақыттың ішінде аймақ экономикасын жоғары деңгейге жеткізгендігіне дән ризашылығын білдірді.