ҚР Премьер-Министрінің
бірінші орынбасарына
Р. В. Склярға
Мемлекет басшысы қаңтардағы қайғылы оқиғадан кейін
Үкіметке Алматы қаласын қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдауды
тапсырды. Президент қаланың бұрынғыдан да көркем көріну қажеттілігі туралы ерекше
атап өтті.
Айта кету керек, бір жыл бұрын «Ақ жол» фракциясы Алматы
қаласын дамытудың тұжырымдамалық бағдарламалық құжаттарын қайта қарау туралы
депутаттық сауал жариялады.
Бір жылдан бері ешқандай өзгерістер байқалмайды,
бағдарламалық құжаттар да өзгеріссіз қалды.
Бұдан басқа, Алматы қаласының мәслихаты жоғарыда аталған
проблемалардың шешімдерін мүлдем ескермейтін қаланың сәулеттік келбетін
қалыптастыру қағидаларын бекітті.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бері әкімдік өз
шешімімен 19 нысан бойынша жұмыстарды тоқтатты.
Мәселенің мәні жекелеген объектілерге нақты шаралар
қабылдауда емес, қаланың тығыздығын ескере отырып, қайда және қалай салу
керектігін реттейтін нақты құжаттың болмауында.
Бұған дейін мәслихат Әл-Фарабиден жоғары құрылысты үш қабатпен
шектеу туралы шешім қабылдады, ал таяуда ғана Әл-Фарабиден төмен ғимараттардың
биіктігін 6-дан 9 қабатқа дейін шектеді, бұл ретте кешенді құрылыс кезінде
тірек ғимараттарын салу үшін саңылау қалдырып, әкімшілік ғимараттармен бірге
жобада тұрғын үй салу көзделген бе?
Осындай шатасудың салдарынан халық қана емес, бизнес те
зардап шегеді.
Мәселен, құрылыс салушы жобаны, оның қабатын бекітетін
және құрылыстың нақты орнын айқындайтын әкімдіктің тиісті рұқсатынсыз объектіні
салуға кіріспейді.
Жаңа әкім алдыңғы әкімшіліктің шешімін жоққа шығарып, іс
жүзінде заң аясында әрекет еткен құрылыс салушының шығындарын өтеу мәселесін
көтерген жоқ. Енді ол заңнан тыс жерге шығып, объектіні құлатуға және тіпті
құрылыс аумағын бастапқы қалпына келтіруге міндетті ме?
Айта кету керек, қаланың бас жоспары 2002 жылы бекітілді
және біраз уақыттан бері қазіргі заманауи шындыққа сәйкес келмейді. Оны әзірлеу
кезінде 1,5 млн. халық саны жоспарланды, бірақ бүгінде 2 млн. қала тұрғыны бар.
Әкімдік бас жоспардың өзекті еместігін мойындайды және
осы жылдың соңына дейін жаңасын әзірлеуді жоспарлап отыр.
Құрылыстың тиісті тәртібінің болмауы әлеуметтік
шиеленіске алып келді.
Бас жоспар барлық мүдделі тараптардың ортақ түсінігін
қалыптастыруға мүмкіндік бере отырып, жұртшылықпен және бизнес-қоғамдастықпен
келісілуі тиіс деп санаймыз.
Бұл ретте, Бас жоспар бірінші кезекте экология,
көгалдандыру мәселелерін және оңтүстік астана бағалайтын қаланың қалыптасқан
сәулет стилін сақтауды шешуі тиіс.
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, «Ақ жол» депутаттық фракциясы Алматы қаласының құрылыс бағдарламалық құжаттарына және бас жоспарына биік қабатты нүктелі құрылыстарға тыйым салуға, көп жылдық сау жасыл желектерді кесуге тыйым салуға, саябақтар мен скверлер алаңын қала аумағының 40%-ына дейін жеткізуге, арық суару жүйесін оны құрылыс нормативтеріне енгізе отырып дамытуға қайтадан ұсыныстар енгізуге мәжбүр.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының
депутаттары