21
Маусым

21.06.2023

«Ақ жол»: Бас прокуратураның құқық қорғау құзыретін толығымен қайтару керек

ҚР Бас прокуроры

Б.Асыловқа

Соңғы жылдары жеке және заңды тұлғалар тарапынан сот және өзге де мемлекеттік органдардың құқық қолдану қызметіне, заңнамалық актілердің нормаларын, олардың мәні мен мазмұнын тәпсірлеу (толкование) кезінде біркелкіліктің (единообразие) жоқтығы туралы шағымдар келіп түсуде.

ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 1995 жылғы редакциясында, жеке немесе заңды тұлғалардың заңды білмеуі немесе дұрыс түсінбеуі заңнамалық актілерді, болмаса азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға әкеп соғуы мүмкін деген жағдайда, прокурор заңнамалық актінің мазмұнын түсіндіретін норма болған.

Алайда, 2017 жылы осы Заңның жаңа редакциясында прокуратураның Заңнаманың даулы нормаларын түсіндірудегі рөлі төмендетіліп, прокурор тек заң бұзушылықтарға жол бермеу және заңда белгіленген жауапкершілік туралы ғана түсіндіреді делінген.

Осылайша, осы заң жобасын дайындау кезінде, Бас прокуратураның бұрынғы басшылығы заңнамалық актілердің нормаларын ресми түсіндіру бойынша өзінің негізгі функцияларының бірін әдейі алып тастаған деп санаймыз.

2022 жылы «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңды қабылдау кезінде, өкілеттіктерді кеңейту мәселесі заңды әзірлеуші прокуратура өкілдерімен талқыланып, қайтадан бекітілді. Өйткені, бұл сияқты прокуратураның өз қолын өзі байлауы бизнес пен азаматтардың құқықтарын қорғаудың көп мүмкіндіктерінен айырған еді. Алайда, түсініксіз себептермен прокуратура өкілеттігі кеңеймей, сол қалпында қалды.

Сонымен қатар, «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңында нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіруге арналған бүкіл бір тарау бар. Оған сәйкес, мемлекеттік органдар, өз құзыреті шегінде нақты субъектілерге немесе нақты жағдайға қатысты нормативтік құқықтық актілерге түсініктеме беруге міндетті.

Алайда, бұл нормаға, мұндай түсіндірулердің міндетті заңды күші жоқ және тек ұсынымдық сипатта болатындығы туралы ескертумен шек қойылған.

Осындай құқықтық қулықтарға байланысты, сот тәжірибесінде белгілі бір құқықтарды қолдану кезінде сұрақтар жиі туындайды.

Мысалы, Салық кодексінің 8-бабының 3-тармағына сәйкес, егер салық төлеуші, салық органының алдын ала түсіндірмесіне сәйкес өз салықтық міндеттемесін орындаған болса, бірақ кейіннен бұл міндеттеме кері қайтарып алынса, қате деп танылса немесе мағынасы бойынша жаңа, өзгеше міндеттеме берілген болса, салық міндеттемесін тексеру нәтижелері туралы  шағымды қарау кезінде түзетуге құқық беріледі. Бірақ соттар әрқашан салық органдарының сойылын соғатыны жасырын емес.

Сонымен қатар, сот және мемлекеттік органдар, Кәсіпкерлік кодекстің 14-бабында қарастырылған адалдық презумпциясына пысқырып та қарамайды. Мысалы, түсіндірме кері қайтарып алынса, қате деп танылса немесе мағынасы бойынша өзге түсіндірме берілсе - бұл кәсіпкердің кінәсі емес. Осындай жағдайда прокуратура, тиісті наразылық білдіру арқылы, құқық қорғау, әділдік позициясын қабылдағаны жөн болар еді. Өкінішке орай, олай емес.

«Ақ жол» партиясы салық органдарының кәсіпкерлерге теріс әсер ететін заңнама нормаларын өз қалауларынша өз мүдделеріне орай түсіндіру мәселесін ондаған рет көтерді.

Мысалы, кіріс органдары прокуратура мен соттардың қолдауымен кәсіпорындарды сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бірнеше қолма-қол мәмілелерді әдейі жасайтындарын, сол субъектілер арасында, сол арқылы «мәмілені бөлшектеуді» (дробление сделки) жүзеге асырады деп мәлімдеп, жауапкершілікке тартуда. Сонымен бірге, салық органдары бұл мәмілелер әртүрлі уақыт кезеңдерінде жасалғанын және әртүрлі тауарларға қатысты екенін мүлдем ескермейді. Оның үстіне, «мәмілені бұзу» деген ұғым ешбір заңда жоқ.

Сол сияқты, заңнама нормаларын өз еркімен түсіндіру нәтижесінде, салықшылармен мәмілелерді жарамсыз деп тану немесе тіркеуді жою тәжірибесі кеңінен қолданылады. Соның салдарынан, мыңдаған кәсіпкерлер қайталанған салықтарға ұшырайды. 

«Ақ жол» ҚДП фракциясы, Салық кодексінің және өзге де құқықтық актілердің нормаларын тек салық және өзге де бақылаушы органдардың өз қалауы мен қажеттілігі бойынша пайдалануға тырыспай, сөзбе-сөз және нақты түсіндіруді қажет деп санайды.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты, құрметті Берік Ноғайұлы, «Ақ жол» ҚДП фракциясы келесі мәселелерді қарауды сұрайды:

1) ҚР Салық кодексінің 8-бабының 3-тармағының, заңнама нормаларына және кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы қағидаттарына сәйкестігін тексеруді;

2) Прокуратура органдарына тек заңдылықты бұзуға жол бермеуді және одан кейінгі жауапкершілікті түсіндірумен шектелмей, заңнамалық актілердің мазмұнын түсіндіру жөніндегі қызметтің негізгі қағидаттарының бірін қайтаруды ұсынады.

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары