30
Қыркүйек

30.09.2020

«Ақ жол» депутаттары Қаржы министрлігінен халықаралық тәжірибеге сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын қалыптастырудың ашық тетігіне көшуді сұрайды

30 қыркүйек 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз  қызметі

«Ақ жол» депутаттары Қаржы министрлігінен халықаралық тәжірибеге сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын қалыптастырудың ашық тетігіне көшуді сұрайды. Фракцияның осындай сауалын бүгін Екатерина Никитинская жариялады.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

А.А. Смаиловқа.

Құрметті Әлихан Асханұлы!

«Ақ жол» партиясына кәсіпкерлердің басым бөлігі әкелінетін тауарлардың, шикізаттың, материалдар мен жабдықтардың кедендік құнын заңсыз түзету мәселелері жөнінде шағымдары артуда. Сыртқы экономика қатысушыларының ақпараты бойынша ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап кедендік құн индекстері (КҚИ) барлық тауарлар бойынша 3-тен 18 есеге дейін өсті.

Сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыстың болмауын көрсететін құжаттар, сондай-ақ өндірушілермен тікелей келісімшарттар, банктік төлем свифттері, экспорттық декларациялар, прайс-парақтар және дайындаушы зауыттардың инвойстары түрінде әкелінетін тауарлардың нақты құнын растайтын құжаттар, осы тауар позициялары бойынша бұрынғы жүк-кедендік дерларацияны кеден бекеттерінің қызметкерлері кедендік құнды айқындау үшін негіз ретінде мойындамайды.

Бүгінгі таңда бизнеске тауарларды кедендік тазартудың екі нұсқасы блйынша: не кеден органының бағасы бойынша, не кейіннен мәлімделген кедендік құнның дұрыстығын ҚР ҚМ МКК орталық аппаратында ұзақ мерзім бойы  (2 айға дейін) рәсімдеумен және ақша қаражатының қайтарылуын көп ай бойы күтумен кеден органының депозитіне сәйкес қаржылық қамтамасыз етумен беріледі.

Осындай «кедендік тазартулардың» нәтижесінде кәсіпкерлерге осы күрделі уақытта жүкке, импорттық баждар мен салықтарға ақы төлеуден басқа, СВХ бойынша жоспарланбаған шығындарды  төлеу, вагондардың тұрып қалуы және келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеу үшін айтарлықтай айналым қаражатын төлеуге тура келеді, осының нәтижесінде өндірілетін өнімнің сөзсіз қымбаттауына және сұранысты  тежеуге  алып келеді.

Бүгінде кеден органдарының құндық бейіндік салалармен қамтылуы барлық тауарлар номенклатурасының 90% - дан астамын құрайды. Өндірістің барлық дерлік түрлері үшін тауарлар шығарылған елге қарамастан, әдет бойынша қызыл және сары дәліздерге түседі. Біздің елімізде барлығы дерлік дерексіз әкелінетіні анық болды. Мұндай толық тексерулер мен түзетулердің негізділігі  құжаттармен расталмайды.

Әлемдік тәжірибе бойынша СЭҚ қатысушылары мәлімдеген құнмен тауарлардың 90% - дан астамы әкелінеді және оқиға жағдайларының 5-10% -ында ғана бақылау бағалары қолданылады.  

Осы уақытқа дейін бизнес – қоғамдастық баға индикаторлары қандай түрде, қандай көздер негізінде қалыптастырылады және СЭҚ қатысушыларының қайсысы кедендік бақылаудың қандай түріне жатуы тиіс, ал кім оған жатпайды деген мәселелерде  айқындыққа қол жеткізе алмайды. Мұндай әкімшілік тәсілді дұрыс деп санауға болмайды, өйткені  ол компанияларды  кедендік шығындары мөлшерінің екіұштылығын тудырады, іс жүзінде бизнесті қалыпты  қаржылық  басқару мүмкіндігін  жоққа шығарады.

Соңғы жылдары тиімді мемлекеттік бақылау, пост-кедендік аудит, бәсекелестіктің арқасында елде адал жеткізушілерді  ынталандыратын ашық және сенімді экожүйе жұмыс істей бастады. Бұл компаниялар мен мемлекетке сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде бақылаудың, реттеудің және шығындардың ең төмен нысандарымен жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Бақылаудың «жаңа»  әдістері кәсіпкерлік қоғамдастық үшін әділетсіз және шектен тыс ауыр, халықаралық тәжірибеге сай келмейді, қосымша әкімшілік кедергілер тудырады,  мемлекеттің инвестициялық ахуалға  теріс әсер етеді.

«Ақ жол» депутатарының  фракциясы қысқа мерзімде коронавирус пандемиясынан туындаған күрделі экономикалық жағдайда: 

  • компанияның тарихына, оның салық және кеден міндеттемелерін адал орындауына, пост-кедендік бақылау шеңберінде тексеру мүмкіндіктеріне  және т.б. сүйене отырып, тауарларды әкелу кезінде тәуекелдер жүйесін  құрудың субъектіге  бағдарланған тәжірибесіне  көшуді;

- Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімге, Кедендік Одақ Кодексі мен  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының тиісті шешімдеріне сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың  негізі ретінде мәмілелердегі  келісімшарттық құнының басым  қолданылуын  қамтамасыз етуді;

- СЭҚ-қа қатысушыларын  өзгерістерге әкеп соқтырған маңызды деректер мен негіздер туралы алдын ала хабардар ете отырып, кедендік құн индекстерін (КҚИ) қалыптастырудың ашық (айқын)  тетігіне өтуді қажет деп санаймыз.

Біздің ұсыныстарымызды  қолдауды сұраймыз.

Құрмтетпен,

 «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары