ҚР Премьер-Министрінің
орынбасары
Е. К. Жамаубаевқа
2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол
қойылды, ол 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді және де-юре бірыңғай кедендік
тарифтері және 186 млн халқы бар аумақ құрды. Тауарларға қолданылатын кедендік
баждар мөлшерлемелерінің жиынтығы бекітілді, бұл ретте барлық қатысушы елдер
мемлекеттердің егемендік теңдігі, ынтымақтастықты нығайту және одан әрі өзара
тиімді және тең құқықты экономикалық ынтымақтастыққа ұмтылу қағидатын
басшылыққа алды.
Сонымен қатар, кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу
хаттамасына сәйкес әрбір мүше мемлекет үшін кірістердің мынадай пайыздары
белгіленді: Армения - 1,220 %; Беларусь – 4,860 %; Қазақстан – 6,955 %; Қырғызстан
– 1,9 %; Ресей – 85,065 %.
Бастапқыда оның жалпы ЖІӨ шамамен 2,2 триллион долларды
құрайтын экономикалық блок одаққа мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін
арттыру мүддесінде ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және
бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жаңа сауда мүмкіндіктерін ашады деп
болжанған болатын.
Геосаяси жағдайдың өзгеруімен, Батыспен санкциялар
аясында Ресей мен Беларуссияның Сыртқы экономикалық мүмкіндіктері төмендеуде.
Хаттамаға сәйкес, сыртқы экономикалық қызметке қатысатын барлық елдер
экспорт-импорттан түсетін жалпы кедендік төлемдерді жоғарыда көрсетілген
пропорцияларға сәйкес қайта бөледі.
Сонымен бірге, санкциялар енгізілгеннен бастап Ресей мен
Беларуссияда экономикалық белсенділіктің төмендеуі байқалуда, сәйкесінше -
сыртқы сауда кедендік түсімдерінің төмендеуі, соған қарамастан, олар әлі де 85%
және 4,8% пайыз алады.
Осыған байланысты, «Ақ жол» демократиялық партиясы
Мемлекеттік кірістер комитеті мен Сауда және интеграция министрлігінен келесіні
хабарлауды сұрайды:
Кедендік төлемдердің көлемі Қазақстанға қанша келеді және
санкциялық текетірестер басталғаннан бері Еуразиялық одақтың штаттан тыс
қызметінің барлық қатысушыларының жалпы ағымында біздің түсімдеріміз қаншалықты
артты?
Егер көрсеткіштер өзгерген және кірістерді бөлудің бұрын бекітілген тәртібіне сәйкес келмеген жағдайда, Қазақстанның үлесін ұлғайту жағына түсетін кедендік төлемдерді бөлуді қайта қарауды талап ету қажет деп санаймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының
депутаттары