05
Сәуір

05.04.2023

«Ақ жол» кәсіпкерлерді салықшылардың заңсыз қысым көрсетуінен қорғауды талап етті

Вице-премьер  

Е. Жамаубаевқа  

Бас прокурор 

Б. Асыловқа 

Салық органдарының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заң нормаларын өз қалауынша түсінуіне тап болған кәсіпкерлер «Ақ жол» демпартиясына әлі  де жүгінуде.

Прокуратура мен соттардың қолдауымен Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) органдары кәсіпорындарды бір субъектілер арасында сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын бірнеше қолма-қол келісімді қасақана жасап, сол арқылы «келісімді бөлшектеді» деп айыптап, негізсіз жауапкершілікке тартуда.

Бұл ретте салық органдары аталмыш келісімдердің әртүрлі мерзімдерде және түрлі тауарларға қатысты жасалғанын мүлдем елемейді. Оның үстіне «келісімді бөлшектеу» ұғымының өзі ешбір заңда жоқ.

Бұл мәселені фракциямыз депутаттық сауалдарында бірнеше рет көтеріп, заңда «бөлшектелген келісімдер» ұғымын анықтау қажеттігін атаған болатынбыз.

Сонымен қатар, мәселе заңнамалық тұрғыдан реттелмейінше қозғалған істерді тоқтата тұруды ұсынғанбыз.

Дегенмен, сіздердің ведомстволарыңыз берген жауаптардан аңғарғанымаздай, әлдебір электрондық шот-фактураларды талдаулар іс қозғауға негіз болған сияқты.

Оған қоса біз мұндай келісімдердің мерзімі мен біртектілігін анықтау туралы негізгі сұраққа жауапты сол күйі ала алмадық.

Сонымен қатар, сіздердің жауаптарыңызда белгілі бір салық кезеңі үшін келісімдердің саны қолданыстағы заңнамамен шектелмейтіндігі мен заңнамада «бөлшектелген келісімдер» түсінігінің бары не жоғы туралы ешбір қарсы дәлелдер айтылған жоқ.

Сонымен қатар, кез келген өндірісте үнемі сатып алынатын материалдар болады. Құрылыста бұл, мысалы, шегелер. Тігіншілікте түймелер және т.б. Және көп жағдайда олар бір сенімді жеткізушіден сатып алынады. Ал, бір не үш жылдан кейін қажет болатын тауарлар түріндегі қаржыны «тоқтатып тастау» бизнес үшін шығын болып табылады, себебі,  көбінесе бұл айналымда болуы қажетті несиелік қаражаттар. Осыған байланысты мемлекеттік органдардың сауалымызға берген жауаптарын сенімсіз деп санаймыз.

Бұл ретте Әділет және Ұлттық экономика министрліктерінің «Ақ жол» демпартиясы мен кәсіпкерлердің пікірімен толықтай сәйкес келетін бұлтартпас жауап бергені көңіл аударарлық.

Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП-ның ресми ақпаратына сәйкес, өткен кезеңде Қазақстанда осы санаттар бойынша барлығы 223 іс қозғалғанына, оның 218-і (!!!) Шымкент қаласына тиесілі екендігіне назар аударуды сұраймыз.

Осылайша, дәлірек айтсақ, мәселе Шымкент қаласы салық органдарының бизнеске қатысты асырасілтеушілігі туралы болып отыр.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы кезекті рет келесіні талап етеді:

1) Заңнамада «бөлшектелген келісімдер мен төлемдер» түсінігін нақты көрсетіліп, мұндай сатып алуларды біртекті деп тану механизмін егжей-тегжейлі жазылсын.

2) ҚР ӘҚБтК-нің 266-бабы бойынша қозғалған істер бойынша іс жүргізу, сондай-ақ бұрын қабылданған сот қаулыларының орындалуы жоғарыда аталған мәселе заңнамалық жолмен реттелмейінше тоқтатылсын.

Құрметпен, 

«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары