ҚР Ғылым және жоғары
білім министрі
Саясат Нұрбекке
Ғылыми-зерттеу институттарының (ҒЗИ), жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру мемлекеттік ұйымдарының ғылыми қауымдастығының
өкілдері, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы
«Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және
мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларын бекіту туралы»
№592 бұйрығына қатысты өздерінің терең алаңдаушылығы мен келіспеушіліктерін
білдіріп, «Ақ жол» депутаттық фракциясына жүгінді.
Аталған бұйрыққа сәйкес, мемлекеттік бюджеттен ғылыми
зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тапсырыс орындап жатқан мемлекеттік ұйымдардың
жетекші ғалымдарын қоспағанда, ғылыми қызметкерлерінің еңбекақысы, ғылыми және
(немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру кезінде айлық есептік
көрсеткішке (АЕК) байланыстырылмай, 190 мың теңге мөлшерінде бекітілген базалық
мөлшерлеме негізінде есептеліп, тиісінше, бұл мөлшерлеме жыл сайын инфляцияның
өсу деңгейіне ұшырап отыр.
Бұдан басқа, Қағидаларға сәйкес, қолданбалы жобалар үшін
зерттеулер түрінің коэффициенті (Квид), іргелі жобаларға қарағанда 38,6%-ға
жоғары белгіленген, яғни бірдей жағдайда іргелі жобаның жетекшісінің жалақысы
қолданбалы жобаның орындаушысының жалақысынан төмен болып шығады.
Ғалымдардың пікірінше, жаңа Қағидалар, олардың қызметі
үшін еңбекақы төлеуді дербес бөлу мүмкіндігін күрт шектейді және ғылымды
қаржыландыруды арттыру және ғалымдардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі
Президенттің тапсырмасына қайшы келеді.
ҒЗИ – бұл күрделі құрылым, оның басты құндылығы мен
қозғалтқышы – оның қызметкерлері. Олар, материалдық ресурстармен және заманауи
жабдықтармен алмастыру мүмкін емес терең мамандандырылған білімге ие. Жаңа
ғылыми идеялар, гипотезалар мен әдістер, ғалымдардың интеллектуалдық күш-жігері
арқылы дүниеге келеді.
Сондай-ақ, соңғы жылдары қаржыландырудың айтарлықтай
ұлғаюының арқасында, көптеген ғалымдар белсенді ғылыми қызметке қайта оралды.
Сонымен бірге, ғылыми қауымдастық, министрліктің
Қағидаларды әзірлеу кезінде, олардың пікірін ескермегенін және бұл кейіннен
келесідей салдарға әкелетінін айтады:
- кіріс деңгейінің төмендеуіне, өйткені еңбекақы төлеудің
жаңа тәртібі ғылыми қызметтің ерекшеліктерін, орындалатын тапсырмалардың
күрделілігін, сондай-ақ ғылыми салада жоғары білікті мамандарды сақтау және
тарту қажеттілігін ескермейді;
- олардың әлеуметтік қорғау және материалдық қамтамасыз
ету деңгейінің төмендетеді;
- кадрлардың, оның ішінде құнды мамандардың жеке секторға немесе шетелге кетуіне, осылайша елдің ғылыми әлеуетіне зиян келтіреді.
Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы
келесіні ұсынады:
1) Ғылыми қызметтің базалық мөлшерлемесін қайта
қарастырып, оны айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланыстыру;
2) Іргелі жобалар үшін, Квид коэффициентін 1,0, ал қолданбалы жобалар үшін 1,5 деңгейінде белгілеу.
Құрметпен,
«Ақ жол»
фракциясының депутаттары
Е.
Бейсенбаев
А.
Перуашев
Д.
Еспаева
Е.
Барлыбаев
Қ.
Иса
С.
Ерубаев