06
Қыркүйек

06.09.2023

"Ақ жол”: Мал шаруашылығының жанайқайы

ҚР Ауылшарушашылық министрі

А.Сапаровқа

Еліміздің дәстүрлі мал шарушалығымен және егін шаруашылығымен айналанысып отырған Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Атырау, Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында өкінішке орай биылғы қуаңшылыққа байланысты жұт басталып келе жатыр. Оны ақпарат құралдарынан баршамыз біліп отырмыз.

2023 жылы Қазақстанның барлық аумағында қыста қар аз жауды, жауын-шашынның қажетті мөлшері болмады және жоғары температура болды. Жауын-шашынның болмауынан басқа, республикада 2021 жылдан бастап мал шаруашылығына, шабындықтарға қажетті өзендерде су деңгейінің төмендеуі байқалды

Оның үстіне ыстық ауа райына байланысты шабындықтардың, егіннің, дәнді дақылдардың өртенуі де орын алды. Биыл дәнді дақылдардың және малдың негізгі азығы шөптің шығымдылығы да өте төмен.

Мысалы: Павлодар облысында 1,5 миллион тонна шөп жинау жоспарланған болатын. Іс жүзінде әзірге 156 мың тонна ғана алынған. Бұл оннан бір бөлігінен сәл ғана асты. Абай ауданында жоспар 1,1 млн тонна болды – 413 мың тонна дайындалды. Маңғыстауда жоспардың төрттен бірі ғана дайындалған. Бұл тамыз айындағы өте төмен көрсеткіштер. Шаруа қожалықтары кестеден кешігіп, қысқы мерзімге үлгере алмайды.

Ағымдағы жағдайға байланысты мал шаруашылығын және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту болашағына қауіп төніп тұр!

Осының бәрі күзде мал басының саны мен асыл тұқымды ауыл шаруашылығы малдарының жойылуына әсер етпей қоймайды. Шөп жоқ болғандықтан мал сойылады. Деректер бойынша Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында мал көбірек сойылған. Дәл осы аймақтарда құрғақшылық, жақсару перспективасы жоқ.

Мұның бәрі енді жаңа жылға дейін еттің амалсыз арзандайтынын білдіреді. Бірақ келесі жылы елде ет тұтыну үздіксіз өсіп жатқандықтан, баға тағы көтеріледі деп күтілуде.

Осылайша, климаттық жағдайларға байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге құрғақшылық пен өзендердің тайыздануының кері әсерін жою үшін қолдау мен шұғыл шаралар қажет.

Бұған қоса, қыркүйек айында несиелік ұйымдар – «Қазагроқаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, несие серіктестіктері, тұқым, гербицидтер мен тыңайтқыштарды жеткізуші ұйымдар келісім-шарт бойынша ақшаны қайтаруды және төлемді талап ете бастайды. Бұл ретте несие серіктестіктері банкротқа ұшырайды, жеткізушілер сот ісін бастайды.

Бірақ қиыншылық мұнымен бітпейді, 2024 жылдың көктемінде егістік маусымы басталады, диқандардың астықты қай ақшаға себетінін де ешкім ойлаған жоқ. Ағымдағы өнімді ескерсек, шаруалардың кепілі де, қаражаты да жоқ. Жолдауда Мемлекет басшысы: «Еліміздің стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығының жетекші ауыл шаруашылығы орталықтарының біріне айналу. Шағын шаруа қожалықтарын қолдау - ауылды дамыту үшін түбегейлі маңызды. Етті, сүтті және астықты терең өңдеу, өнеркәсіптік жылыжайларды дамыту – біз үшін перспективалы салалар біздің басымдықтарымыз болуы керек»

Ал мемлекет тарапынан қолдау болмаса, мұның бәрі қалай жүзеге асады?

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, «Ақ жол» партиясының депутаттары талап етеді:

1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен Қазақстан Республикасындағы ағымдағы жағдай туралы нақты түсініктемелер беру;

2. Құрғақшылық фактілері бар аймақтарда төтенше жағдай жариялау;

3. Республика бойынша агрометеорологиялық болжамдар туралы алдын ала ақпарат беру.

4. Осы жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық қолдау көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылдансын.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары