Премьер-Министр Ә. А. Смайыловқа
Мемлекеттің
экономикаға шамадан тыс қатысуы жеке кәсіпкерліктің дамуына және адал
бәсекелестікке кедергі келтіреді. Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы
Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін
қысқарту жөніндегі тапсырмасын аса маңызды деп санайды.
Министрліктер
мен әкімдіктер жанындағы көптеген ұлттық компаниялар, холдингтер, РМК мен ЖШС
бір-бірінің қызметін қайталайды немесе жекеменшік кәсіпорындар атқаратын
функцияларды орындайды. IT-қызмет көрсету, муниципалды автобус парктері,
абаттандыру – бұл бәсекелестік ортаға берілетін көптеген мысалдар.
Мемлекеттік
компаниялар жылдан жылға шығынға ұшырап жатқандарына қарамастан өздеріне
бонустар мен сыйақылар бекітетін мысалдар бар. Жеке бизнесте мұндай
айла-амалдар үшін масқара етіп жұмыстан шығарады, мүмкін шығын үшін шот ұсынар
еді.
Осылайша,
күн батареяларын өндіру бойынша KazPV жобасына «Қазатомөнеркәсіп» 88 млрд. теңге мемлекеттік қаражат салды, ал
жеке қолға 1,3 млрд. теңгеге, яғни салынған инвестициялардың 1,5%-ына берді.
Яғни,
«Қазатомөнеркәсіптің» осы мәміле бойынша таза шығыны 86 млрд. теңгеден асты.
Сонда Қазатомөнеркәсіп басшылығы немен айналысып жатыр? Сіздер күлетін боларсыздар, бірақ олар өздеріне бонустар жаздыруда. Оның өзі қандай бонустар - Қазатомөнеркәсіп басшылығының 2019-2021 жылдардағы сыйақысының жалпы мөлшері 4 млрд. теңгеден асты.
ҚТЖ өзінің
топ-менеджерлеріне 2021 жылы 600 млн. теңгеден астам қаржы төледі.
Миллиардтаған қарызы мен сыбайлас жемқорлық жанжалы бар ұлттық компаниядағы
сыйақы табысты жеке банктерге қарағанда жоғары.
Бәйтерек Холдингінде 2021 жылы
басқарманың төрт мүшесіне сыйақы шамамен 300 млн. теңгені құрады.
Сонымен
қатар, 100 млн-ға жуық бонус алған осы мүшелердің бірі Қазақстандық тұрғын үй
компаниясының төрағасы болды, өткен жылдың сәуір айында оның орынбасарына пара
бергені үшін 72 млн. теңгеге айыппұл салынды.
Парақордың тікелей бастығымен не істеді? Мамыр айында оны Бәйтерек холдингі Басқарма төрағасының орынбасарына дейін көтерді, онда ол басқарманың басқа үш мүшесімен бірге 300 млн теңгеге жуық қаражат алды.
Бұл тек
соңғы уақытта қоғамға белгілі болған фактілер. Мемлекеттік кәсіпорындардың
өздері ұрлап жатып, жеке бизнестің дамуына кедергі келтіретін қаншама шешім
қабылданып жатқанын тек болжай аламыз.
Сондықтан
да «Ақ жол» демократиялық партиясы бірнеше жылдан бері мемхолдингтер мен ұлттық
компаниялардың қызметін кеңейтілген бюджетке енгізуді талап етіп келеді.
Сонда
бүкіл қоғам олардың жұмысының нәтижелерін және қоғамның алдында дөрекілік деп
атауға болатын олардың басшылығына миллиондаған төлемдердің дұрыстығын не
бұрыстығын бағалай алады. Әсіресе қарапайым азаматтар балаларды емдеуге немесе
баспанасыз қалған отбасыларға көмектесу үшін тиындап ақша жинап жатқан
жағдайда.
Алайда,
біздің мұндай ұсыныстарымыз конституциялық реформаны жүзеге асыру жөніндегі заң
жобасын талқылау аясында болып жатқандай, Парламенттің өкілеттіктерін кеңейтуге
арналған болса да, қайта-қайта қабылданбай жатыр.
Сонымен қатар, квази-мемлекеттік сектор ЖІӨ-нің шамамен 60% құрайды және бұл 60% Парламент пен қоғамнан мұқият жасырылады.
Жоғарыда
айтылғандарға байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы келесілерді талап етеді:
1.
Квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарына толыққанды аудит жүргізу.
Топ-менеджерлерге төлем және сыйақы саясатын қайта қарау. Аудит нәтижелері
бойынша мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін қағаз жүзінде емес, іс жүзінде қысқарту.
2. Ұлттық
компаниялардың барлық кірістері мен шығыстарын бюджеттің бір бөлігіне айналдыру
және қоғам мен Парламенттің жария талқылауы арқылы өткізу.
3. Біздің мақсатымыз - мемлекеттік монополистік экономиканың орнына толыққанды нарықтық экономика құруды бастау.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары.