Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О.А. Бектеновке
Бүгінгі күні
Алматы облысының Іле ауданында Қараой мен Н.Тілендиев ауылдарында біздің
назарымызды аударатын, терең алаңдаушылық тудыратын бірқатар экологиялық және
әлеуметтік мәселелер бар. Біздің зерттеулеріміз бен жергілікті тұрғындардың
шағымдары негізінде, бұрынғы үй салуға және жер пайдалануға рұқсат етілген
аумақтарда сібір жарасын көму орындарының табылғандығы туралы құзырлы органдаға
ақпаратты жолдадық.
Жергілікті
тұрғындардың алаңдаушылығы толығымен түсінікті. Олар рұқсат етілген жерлерде
үйлерін салып, құжаттарын рәсімдеп үлгермей жүргенде, күтпеген жерден сібір
жарасының көму орындарының табылуы оларды үйсіз қалдыруы мүмкін. Бұл мәселе
тұрғындардың психологиялық, әлеуметтік, экономикалық жағдайына кері әсер етуі
ықтимал.
Әсіресе,
Қазақстанның қалаларында көздеген жер учаскелерінің нақты белгіленбегендігі,
алайда жаңа тұрғын үйлер мен ғимараттардың салынуы үлкен алаңдаушылық тудыруда.
Қазақстан бойынша мұндай жағдайлар көп кездеседі. Бұл мәселе неге жер
учаскелері берілген кезде алдын-ала зерттеулер жүргізілмеген деген сұрақты
туындатады
Қазақстан
аумағында халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретін сібір
жарасының көмілген орындарының саны 2162, солардың басым бөлігі елді мекендерде орналасқан.
Мәселен, осындай қорымдардың бірі Алматының Медеу ауданында орналасқан.
Түркістан қаласында, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ақтөбе» ықшамауданында
жаңа мектепке жақын орналасқан қорым аумақтағы жағдайды ерекше алаңдатады.
Қосшыда жерлеу
орны су қоймасына жақын орналасқандықтан, су көздерінің ластануы мен
тұрғындарға қауіп төніп тұр. Тағы бір мәселе Зайсан әуежайының маңында
байқалады, мұнда ластанған аумақтарға жақын болғандықтан заманауи ұшақтардың
ұшу-қону жолағын ұзарту мүмкін емес.
Республика
бойынша шағын елді мекендерде осындай
қорымдар бар. Бұл мәселелер халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын
қамтамасыз ету үшін шұғыл назар аударуды және шешуді талап етеді.
Осындай жағдай
елімізде сібір жарасы бойынша стационарлық қолайсыз кадастрдағы деректердің
дәлдігіне қатысты көтерілуде. Жалпы қазіргі уақытта қолданылып отырған ғылыми
кадастрлар министрлікпен бекітілмегендіктен жергілікті атқарушы органдар жер
телімдерін беру кезінде бұл құжатқа ресми түрде сүйене алмайды.
Екінші маңызды
мәселе - Қазақстан ғалымдарының «ВА-12» деп аталатын сібір жарасына қарсы жаңа
дәрісі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасымен
жоғарыда аталған жағдайды ескере отырып, «КазНИВИ» ЖШС базасында «Топырақ сібір
жарасының ошақтарын дезинфекциялау және жою» жобасы аясында «КазНИВИ» ЖШС
қызметкерлері ресейлік мамандармен бірлесіп («НИКА» ЖШС) «ВА-12 дезинфекциялық
ветеринариялық өнімін» әзірледі, ол комиссиялық тіркеу сынақтарынан өтіп,
тіркеу куәлігін алды (РК-ВП - 5 -4305 – 20)
Бұл дәрі,
зерттеулер нәтижесінде анықталғандай, жер бетінен жеткілікті тереңдікте
орналасқан сібір жарасының ошақтарын жоюға қабілетті. Бұл жаңалық еліміздің
экономикасы мен халқының денсаулығына үлкен пайда әкеле отырып, инфекцияның
таралу қаупін едәуір төмендетеді.
Алайда, бұл
дәрінің тиімділігін тәжірибеде көрсету үшін далалық сынақтар жүргізу
қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда, мемлекет тарапынан ғылыми-зерттеу
жұмыстарын қолдау көрсету, сонымен қатар, сібір жарасы ошақтарының
санитариялық-эпидемиялық жағдайын Қазақстанда қалыптастыру үшін практикалық
шараларды іске асыруға жәрдемдесуді сұраймын.
Осыған орай,
алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, бізге жергілікті
атқарушы органдар мен экологиялық қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету
қажет. Бұдан басқа, кадастрлық жүйені жаңғырту, деректердің дәлдігін тексеру
және тұрғындар арасында ақпараттық жұмыстар жүргізу – біздің басты міндетіміз.
Осыған орай, «Ақ
жол» фракциясының ұсыныстары:
1.Қараой мен Н.
Тілендиев ауылындаға тұрғындар үшін сібір жарасының ықтимал көму орындарының
проблемасын барынша жедел қарастырып, шешу қажет. Яғни, Іле ауданының сібір
жарасының көмінді орындарын айқындау, жұмыс тобының жұмысын жандандыру және
атқарылған жұмыс бойынша есеп беру. Алматы облысы деңгейінде облыстық ревизия
комиссиясы құрылсын. Барлық құрылған жұмыс топтары мен және комиссия құрамына
жергілікті тұрғындарды, ауыл белсенділерін енгізу керек;
2.Ғылыми
кадастрларды жауапты органдар ресми бекітіп Сібір жарасының белгілі ошақтарына
жақын жерде жерді игеру және пайдалануға тыйым салу. Бұл азаматтардың
денсаулығына ықтимал қауіптердің алдын алуға және инфекцияның ықтимал таралуына
байланысты тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.
3.Сібір
жарасының ошақтарын залалсыздандыруға арналған «ВА-12» препаратына қатысты
әзірлемелер мен зерттеулерді қолдау мен қаржыландыруды арттыруды ұсынамыз. Бұл
препаратты тиімді пайдалану тәуекелдерді айтарлықтай азайтады және зардап
шеккен аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
4.Мемлекеттік деңгейде ҚР аумағында Сібір жарасының ықтимал ошақтарының нақты қай жерде және қашан орналастырылғаны туралы ақпараттарды архивтен көтеріп, ревизия жасап, картада белгілеп актуалды ақпарат берулеріңізді сұраймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының
депутаттары
Е. Бейсенбаев
А. Перуашев
Д. Еспаева
Қ. Иса
Е. Барлыбаев
Е. Бейсенбаев
С. Ерубаев