17
Сәуір

17.04.2024

"Ақ жол": Шалғайдағы су басқан шағын ауылдар назардан тыс қалмасын

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары

Қ. А. Бозымбаевқа

Еліміздің он шақты аймақтарында, су тасқыны жағдайы күрделі сипат алып отыр.

Әр сағат сайын, Азаматтық қорғау қызметтері мыңдаған адамды қауіпсіздік жерге апарғандығы, қандай көлемде бөгет құрылғандығы жөнінде ақпарат жаңартылуда. Ресми мәліметтерде негізінен Орал, Атырау, Петропавл, Күлсары сияқты ірі елді мекендердің атаулары кездеседі.

Ірі елді мекендерге халық пен мемлекет тарапынан бөлінген көмек жеткізіліп жатыр. Ол туралы мемлекеттік органдар рапорттар жасауда. Ал, шалғай орналасқан шағын ауылдарда қандай көмек көрсетіліп жатқандығы, тіпті олардың саны немесе қанша адам су қоршауында қалғандығы жөнінде ақпарат жоқтың қасы.

Түрлі аймақтарда су тасқыны 2-3 апта бұрын басталғаның ескере отырсақ, осыншама уақыт су, тамақ, медициналық көмексыз қалу шынында өте ауыр жағдай.

Ірі қалаларды құтқарып, жергілікті билік шалғай елді мекендерді ұмытқан жоқ па?

Өтетін жолы жоқ ауылдардың жағдайы туралы, оның ішінде электроқуатсыз, байланыссыз қалған елді мекендерді азық-түлік, ауыз су, медициналық көмегімен, ауылшаруашылық жануарларын жеммен қамту сияқты мәселелер бойынша хабар тапшы екен.

Сол үшін әлеуметтік желілерде кейбір ауылдарға еріктілер жинаған көмек жеткізуге мүмкіндігі жоқ деген ақпарат таратылуда.

Жолсыз қалған жақын елдімекендерге жету үшін моторлы қайықтары жетіспейді, алыстағы ауылдарға көмегін тегін апаратын вертолеттар табылмай жатыр деген. Мұндай дабыл бірнеше нақты ауылдар жөнінде айтылған болатын.

Иә, біраздан кейін бұндай посттар дәлелдемеген боп шығып тұр, алайда жүйелі деңгейде бұл проблема расында өткір болуы мүмкін. Ал, тиісті ақпарат жетіспегеннен кейін, ол халықты алаңдатып, түрлі өсек тұғызуы ықтимал.    

Жоғарыда аталып отырған мәселеге уәкілетті органдардың назарын аудару қажет деп есептейміз.

Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары  қоғам алдында келесі мәліметтерді ұсынуды сұрайды:

1. Су тасқыны салдарынан қанша елді мекен қоршауда қалып отыр, әрбір облыс бойынша нақты саны қанеша екен?

2. Сол ауылдарда қанша адам мекендейді?

3. Алыста орналасқан, қайықпен жетпейтін ауылдарға көмек қалай жеткізіліп жатыр?

4. Бұндай мақсатқа қымбат тікұшақтарның орнына тасымалдаушы дрондарын қолдануы қарастырлыған ба?

5. Ондай мүмкіндік болмаса, осындай ауылдарға арнайы жәрдем бригадалармен еріктілерді жіберу қарастырылды ма?

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары

Е.Бейсенбаев

А.Перуашев

Д.Еспаева

Қ.Иса

Е.Барлыбаев

А.Садықов