Қазақстан
Республикасының
Премьер-Министрі
О.А. Бектеновке
Су тасқынына қарсы күрес барысында Мемлекет басшысы
Үкіметке халықтың баспанасын жөндеу шығынын өтеп беруді, не шамамен 80 шаршы
метр, құны 22 миллион теңге аясында жаңа тұрғын үйді салынуын немесе сатып
алынуын қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі.
Осыған байланысты, "Ақ жол" фракциясы алдыңғы
жылдары шенеуніктердің осындай көмек кезінде теріс әсер еткен кейбір қателігіне
назар аударуды қажет деп санайды.
Мәселен, бизнестің хабарлауынша, 2020 жылы Мақтааралдағы
су тасқыны салдарын жою барысында әкімдіктер құрылыс мекемелерін бейресми
белгіленген тауар жеткізушілерден ғана құрылыс материалдарын сатып алуды
міндеттеген еді.
Олар өз кезегінде құрылыс нысанынан 250 шақырым жердегі
облыс орталығында орналасып, дереу бағаны шарықтатып жіберді. Одан бөлек,
тапсырыстың көптігінен мұндай тауар жеткізушілер тапсырыстың орындалу мерзімін
кешіктірген еді.
Нәтижесінде, мемлекеттік тапсырыс бойынша тұрғызылған
үйлер тұрғындардың мемлекет көрсеткен көмекке өзі салып алған үйлерден
әлдеқайда сапасыз болып шыққан.
Сонымен қатар, сол кезде де, 2022 жылы Қостанай
облысындағы өрттен кейін де, тұрғындар үй салуға деп бөлінген ауылдардағы 8-10
артық жер телімдері шын мәнінде олардың бұрынғы жер телімдерінен әлдеқайда
шағын және мал ұстап, бақша егу секілді ауылдың қажетті тірлігіне жарамсыз
болып шыққанын айтып еді. Шағын жер телімдерінде бау-бақша егу мен мал
шаруашылығын жүргізу мүмкін емес, ал табыстың басқа түрі ауылда жоқ.
Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен саяжай учаскелеріндегі
баспалардың иелеріне де өтемақы төлеу мәселесін шешетін кез келді.
Шын мәнінде, бүгінде мыңдаған азаматымыз қала іргесінен
жер алып, саяжай учаскелерінде үй салып күнелтіп жатыр.
Кезінде мемлекет бұл үрдісті мойындап, мұндай үйлерде
ресми тіркеуге тұруға рұқсат берген болатын.
Алайда, 2017 жылдағы жойқын су тасқынынан кейін
болғандай, өтемақы төлеу кезінде оларды баспана деп танудан үзілді-кесілді бас
тартып келеді.
Бүгінде саяжай үйлерінің иелеріне 100 АЕК көлеміндегі
өтемақы төленеді деп хабарланып жатыр, ал егер бұл жалғыз баспана болса оның
орнына баламалы тұрғын үй беріледі. Соның өзінде әкімдіктер демеуші іздеу қажет
деп құтылып жатыр. Нәтижесінде, мысалы, Батыс Қазақстан және басқа
өңірлердегіде жолды жауып тастағаны сияқты, зардап шеккендер наразылық
білдіруде.
Заңдағы кереғарлық үшін адамдардың неге қиналуы керек
екені түсініксіз. Еске сала кетейін, "Ақ жол" фракциясы саяжай
елді-мекендеріндегі баспаналарды толыққанды тұрғын үй деп тану керектігін
былтыр бірнеше рет көтерген еді.
Жоғарыда айтылғанды назарға ала отырып, "Ақ
жол" фракциясы Үкімет пен әкімдіктерді баспаналарды қалпына келтіру
кезінде өткеннен сабақ алуға шақырады, нақтырақ айтсақ:
1) Зардап шеккендерге баспана салу не жөндеу жұмысын
жүргізген кезде құрылыс компанияларына құрылыс материалдарын сатушыларды,
қызмет көрсетушілерді байламай, тек техникалық сипаттама мен сапа талабын ғана
белгілеу
2) Азаматтарға алынған өтемақыны өз таңдауы бойынша, оның
ішінде басқа елді мекендерде (көшіп-қонуды қалаған жағдайда) өз бетінше үй салу
немесе сатып алу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету. Оның үстіне кейбір ірі компаниялар мұндай
адамдарды жұмысқа алуға дайын екендігін айтып жатыр.
3) Ауылдық жерлерде жеке тұрғын үй құрылысына жер
телімдерін бөлу кезінде қала стандарттарын назарға алмай, қосалқы шаруа
қожалықтарының қажеттілігін ескеру;
4) Саяжайдағы үйлерді толыққанды баспана деп танып, оларға өтемақы төлеу үшін қаржы көздерін белгілеу.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы
А.Садықов
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
Е.Барлыбаев
Е.Бейсенбаев