Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрі
Қ. Б. Шарлапаевқа
Көктемгі су
тасқынының нәтижесінде 19 мың жылжымайтын мүлік зардап шегіп, олардың 8,5 мыңы
қалпына келтіруге жатпайды деп танылып, 2578 жаңа үй салыну керек еді.
Бүгінгі күнге
біздің қолда бар ақпаратқа сай, құрылыс бойынша жоспар 70 пайызға ғана орындалған.
800 жуық үйдің құрылысының аяқталуы қазан айының басына болжанып отыр екен. Су
тасқынынан зардап шеккен ауылдарда бұл уақытта кей жылдары қар да жауып
кететінін білеміз.
Құрылыс
қарқынының баяу жүргізілуі маусым айының басында айқындалған болатын. Үстіміздегі
жылғы 11 маусымда Премьер-Министр Үкімет отырысында құрылыс қарқынының жеткіліксіздігін атай отырып, жауапты
мемлекеттік ведомстволар мен мердігерлердің
жұмысын сынға алғаны белгілі.
Ал, сонау 2012
жылдан бастап Қазақстанда 16 тұрғын үй құрылысы комбинаттары салыну керек
болатын. Оның ішінде технологиясы
бойынша 4 комбинат ірі панельді үй құрылысы, 7 комбинат құрама-қаңқалы және 5-і
аралас технология бойынша салыну жоспарланған.
Бұл
комбинаттарға, әсіресе ірі панелді технологияларға зор үміт артылған болатын –
үйлерді салу мерзімі әлдеқайда қысқарады, құрылыстың өзі ауа-райыға қарамастан
жүзеге асырылады. Ең бастысы – құрылыс сапасы артып, оның құны төмендейді.
Тамыз айында,
аумақтарда сайлаушылармен кездесу барысында, Қостанай облысындағы осындай
құрылыс комбинатына «Ақ жол» фракциясының депутаттары барып, автоматтандырылған
линиялар панелдерді жедел жасай алатындығын көріп, бұндай материалдарды қолдана
отырып, құрылыс қарқынын дәстүрлі тәсілдермен салыстырғанда 2-3 есе арттыра
алатындығымен танысты.
Бұрынғы уақытта
панельді көпқабатты тұрғын үй құрылысының көп бөлігін алғандығы бекер емес. Бұл
әдіс әлеуметтік нысандарды - мектептер мен ауруханаларды салуда маңызды рөл
атқара алады.
Өткен ғасырдың
60-шы жылдарында тұрғын үй құрылысы 5 қабатты
типтік жобаларға негізделіп, содан кейін 70-ші жылдардың басында 9
қабатты үйлерден тұратын бүкіл шағын аудандар салынып, оларға шешімдердің
қарапайымдылығы, қатаңдығы және үнемділігі тән болды, сондықтан ірі панельді
үйлер кең таралды.
Өкінішке орай,
қазіргі кезде баспанаға деген жоғары қажеттілікке қарамастан, зауыттар
тапсырыстармен толығымен қамтамасыз етілмеген. Бұның негізгі себептердің
қатарында, мамандар типтік жобалардың жоқтығын алға тартады.
Сондықтан, жалпы
баспана мәселесін шешу үшін, тез салынатын үйлер технологияларын пайдалануды
қолға алу қажет деп есептейміз.
Осы орайда,
кәсіпкерлер атап отырғандай, бір қабатты үйлер салуға ірі панелдерді немесе тез
салынатын үйлер технологияларын қолдануға типтік жобалардың жоқ деген
тұжырымына байланысты:
1) осы
ақпараттың растығын тексеруді сұраймыз;
2) егер бұндай
типтік жобалар бар болса, оларды кеңінен қолдануды;
3)егер жоқ болса жедел түрде қарастырып, қабылдап, іске асыруы өтінеміз.
Құрметпен,
«Ақ жол»
фракциясының депутаттары
Е.Бейсенбаев
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
Е.Барлыбаев