Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
Б.Н. Асыловқа
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е.Нысанбаевқа
«Ақ жол» фракциясы бұл тақырыпқа байланысты кейінгі жылдары Үкімет пен Бас прокуратураға бірнеше депутаттық сауал жолдаған еді. Биыл көктемде Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бұл мәселе шешілгендей еді. Бірақ, отандық өндірушілерден түсіп жатқан ақпаратқа байланысты, бұл проблемаға тағы да оралуға мәжбүр болып отырмыз.
«Ақ жол» демпартиясы кейінгі бірнеше жыл бойы жергілікті әкімдіктердің рұқсатымен айналасындағы санитарлық аймақтарға құрылыстардың салынуына байланысты жұмыс істеп тұрған өндірістік кәсіпорындарды күштеп жабу мәселесін көтеріп келеді (Алматы облысындағы «KZ Recycling» ЖШС, «Солнечный» сүт зауыты, Алматыдағы «Нуртау Темир», Оралдағы «Кублей» және т.б. зауыттары). Өз сауалдарымызда бизнестің жойылуына жол бермей, құрылыс жүргізуге рұқсат берген шенеуніктерді жазаға тартып, кәсіпорындар ұшыраған шығынды өтеуді талап еттік.
Фракциямыз бен Бахытжан Базарбек, Мұрат Әбенов, Әнас Баққожаев және өзгелердің күресі нәтижесінде биыл 4 мамырда Денсаулық сақтау министрлігінің кәсіпорындардың санитарлық қорғау аймақтарын реттейтін Ережелеріне өзгеріс енгізіліп, бұл проблема шешілген сияқты еді.
Атап айтқанда,
құрылыс нысанының тарихи қалыптасқан орнын ескере отырып, санитарлық нормалар
төмендету бойынша қаралуы мүмкін. Яғни, мұндай кәсіпорындардың санитарлық
аймақтарында тұрғын үйлерді салу (шынтуайтында, әкімдіктердің заңсыз шешімі
арқылы) бұл зауыттардың жұмысын тоқтатуына не жабылуына себеп бола алмайды.
Бұйрық заманауи экологиялық
технологияларды пайдалана отырып, жыл бойғы бақылаулардың материалдары бойынша
санитарлық аймақтарды қайта қарауға мүмкіндік берді.
Алайда, бұл
өзгерісті мүлде елемейтін мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттінен зауыттар әлі
де зардап шегуде.
Мысалы, «Ақ жол»
демпартиясына цемент жөнелту және бетон өндіру бойынша өңірлік хаб саналатын
алматылық «Үркер АШ» ЖШС кәсіпорны жүгінді. Денсаулық сақтау министрлігімен
санитарлық жағдай мәселесі шешілген соң да, бұл кәсіпорын экология
шенеуніктерінің әрекетінен мүлде жұмыс істемей қалды.
Мәселен,
экология департаментінің лауазымды тұлғалары кәсіпорынды ескертпестен және сот
шешімінсіз кәсіпорын эмиссияларының барлық талапқа сәйкестігін растайтын
бұрынғы құжаттарды жойып тастаған. Содан кейін сот арқылы зауыт 1967 жылдан
бері өндіріп келе жатқан бетон өндірісіне үш жылға тыйым салды.
Сонымен қатар,
«Үркер АШ» ЖШС-не қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияның болмауына
байланысты әкімшілік айыппұл салынды.
Алайда, Декларацияны тапсыру үшін
мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы қажет.
Бірақ, өлшемдер
жұмыс істеп тұрған жабдықта жыл бойы жүргізілуі керек болғасын, ЖШС Қорытындыны
ала алмай отыр. Себебі,
өлшеулер бір жыл ішінде жұмыс істеп тұрған жабдықта жүргізілуі керек.
Ал сот зауыттың
жұмысына үш жылға тыйым салды. Сондықтан жыл бойы эмиссиялардың мұндай
мониторингін жүргізу және олардың стандарттарға сәйкестігін дәлелдеу мүмкін
емес.
Шын мәнінде,
кәсіпорын жұмысы тоқтап, банкрот болудың алдында тұр. Еңбек ұжымының жұмыссыз
қалу қаупі басым.
Бұрынғы
шектеудің орнына жаңа тұйық шеңбер пайда болды: қорытынды жоқ болғасын жұмыс
істеуге болмайды, ал, жұмыс істемегесін қорытынды ала алмайды.
Сонымен қатар,
біз жұмыс істеп тұрған өзге де кәсіпорындарға қарсы осындай шабуыл қолданыла
бастауы мүмкін деп қауіптенеміз.
«Кублейдің» тығырыққа тірелуі қайталанып, экономика мен бизнеске орасан зор зиян келіп
жатыр. Мыңдаған жұмыс орындарына қауіп төнуде.
Жоғарыда
айтылғанға байланысты «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы келесіні сұрайды:
1) Бас
Прокуратурадан - Алматы қ. әкімшілік
құқық бұзушылық істері жөніндегі сотының 2024 жылғы 17 шілдедегі қаулысына,
соның ішінде, «Үркер АШ» ЖШС-нің қызметіне 3 (үш) жыл мерзімге тыйым салуды
алып тастау туралы бөлігіне наразылық енгізуін;
2) Экология министрлігінен - жергілікті департаменттерге кәсіпорындардың жұмысын шектеуіне тыйым салу, тым болмағанда, жылдық эмиссиялардың мониторингін жүргізу кезеңіне;
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП
фракциясының депутаттары
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
Е.Барлыбаев
Е.Бейсенбаев