Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
Б.Н.Асыловқа
«Ақ жол»
демпартиясына Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп жүрген
кәсіпкерлер жүгінді. Олар өздерінің қалыптасқан бизнесін бақылаушы органдардың
заңсыз шағымдарынан қорғауды сұрауда.
Мәселен,
«Жеміс-Жидек» ЖШС-нің жаңа иелері бұл кәсіпорынды 2022 жылы сатып алған. Сонау
2007 жылы Меркі ауданы әкімінің #384 қаулысымен кәсіпорынға 230 гектар жер
телімін 49 жылға ұзақ мерзімді жалға беру шарты рәсімделген.
17 жыл бойы бұл
жер ешкімді қызықтырмаған. Жаңа қожайындар алған кезде ЖШС-нің мүлкі мүшкіл
күйде еді - 20 гектар аумақтағы ластанған ескі бақ, тамыры жұлынған, 28
гектарлық беде алқабы, 1,5 га алма ағашының ескі аналық өсімі бар еді, қалған
жер маусымдық дәнді дақылдарды өсіруге пайдаланды.
Енді кәсіпкерлер
мемлекеттен қолдау көрмей, бюджет қаражатынсыз-ақ өз күшімен өндірісті жолға
қойғанда, құлпынай алқаптарына біреудің көзі түскен секілді.
Биыл жыл басында
аудан прокуратурасы сот арқылы Меркі ауданы әкімінің 2007 жылғы жауапкершілігі
шектеулі серіктестікке жер учаскесін жалға беру туралы қаулысының, заңсыз
ретінде, күшін жойды.
Алайда,
Президент Қ.Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында атап өткендей: «...Егер
жер заң бұзылып алынса, пайдаланбаса, онда бұл жер мемлекет меншігіне
қайтарылуы тиіс. Бірақ, жер игеруші адал еңбек етіп, инвестиция салған болса,
онда жұмыс істеп тұрған өндірісті жоюға болмайды».
Кәсіпорын
басшылығы шаруашылықты дамытып, кеңейтуге жүздеген миллион теңге инвестиция
салды. Екі жылға жетер-жетпес уақытта жергілікті тұрғындар үшін ондаған жұмыс
орындары ашылды. 2022 жылдан 2023 жылға дейін 1 миллионнан астам құлпынай
тамыры отырғызылды. Сондай-ақ, жеміс-жидек дақылдарын дамыту жоспары әзірленді.
Оған жылына 400-ден 600 тоннаға дейін құлпынай өсіру, кейіннен оны дайын өнім
қып өңдеу (шырындар, джемдер, балалар тағамы және т.б.), 2026 жылға қарай
өндірісті кеңейту және 500-ден астам жаңа жұмыс орындарын құру кіреді.
Енді көптеген
жоспарланған жоба мен жұмыстар сот процестеріне байланысты тоқтап қалды.
Инвесторлар сот процесіне тартылғанын білген соң, бұл жобаларға сақтықпен қарай
бастады.
Жоғарыда
сипатталғандай, жергілікті атқарушы органдардың әрекетімен жұмыс істеп тұрған
өндірісті жабу мәселесінің туындауы кәсіпкерліктің заңды қызметіне кедергі деп
есептейміз.
Жоғарыда
айтылғанға байланысты «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы мынаны сұрайды:
1) Бизнестің
заңды мүддесін қорғау және аталмыш ауыл шаруашылығы кәсіпорнына қатысты сот
ісін тоқтату;
2) Өз
әрекеттерімен инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын бұзған лауазымды
тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізу.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП
фракциясының депутаттары
Барлыбаев
Е.
Перуашев
А.
Еспаева
Д.
Иса
Қ.
Бейсенбаев
Е.