02
Ақпан

02.02.2022

«Ақ жол»: Емханаларды арзанға сатып, триллиондар төлеп қаржыландырудың қажеті бар ма?

Қазақстан Республикасы

Премьер Министрінің орынбасары

Е. Л. Тоғжановқа

Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы күрес агенттігіне

«Ақ жол» фракциясы депутаттық сауалдарда денсаулық сақтау жүйесіндегі жекешелендіруді бірнеше рет сынға алды. Біз клиникаларды төмен бағамен сатуға немесе жаңа иелер объект үшін мемлекеттің өзінен кепілдендірілген төлемдер есебінен есептесіп, оларды кейіннен сатып алу арқылы сенімді басқаруға беруге қарсы болдық.

Мұндай формат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоғары дәрежесін және іс жүзінде әлеуметтік нысандарды «қажетті адамдарға» таратуды көздейді.

2017 жылдан бастап біз 5 депутаттық сауал жолдадық, онда нақты мысалдар келтірдік. Атап айтқанда, бұл Алматы облысындағы Талғар аудандық ауруханасына, Павлодар облыстық диагностикалық орталығына қатысты болды. Мысалы, ауданы 7 000 м2-ден асатын және барлық жабдықтары бар аталған орталық шаршы метріне 44 мың теңге бағамен сатылды. Облыс орталығындағы ғимараттар кешеніне осындай бағалар тағы қайда бар екен?

Алматы қаласындағы балалар стоматологиялық клиникасы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының ағасына сатылды. Клиниканың есеп шотында 170 млн. теңге бола тұра және жыл сайынғы бюджеттік қаржыландыру 260 млн. теңгені құраса да, алғашқы жарна 92 млн теңгені құрады.

Мұның бәрін жекешелендіру деп атауға болмайды, бұл таза «жаулау».

2017-2020 жылдары барлығы 124 клиниканы жекешелендіру жоспарланған болатын. Мемлекет немесе қоғам бұдан қандай пайда тапты - бұл біз үшін де құпия.

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес тағы 700 мемлекеттік кәсіпорын жекешелендіруге жатады, олардың ішінде медициналық объектілер де бар.

2021 жылғы 12 қазандағы «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде МЖӘ тетігі бойынша 20 ірі көпбейінді аурухана салу көзделген.

Кеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінде Президент Қ.Тоқаев МЖӘ саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау қажеттігін атап өтті. Оны жүзеге асыруға барлық негіз бар.

«Қазақстандық МЖӘ орталығы» сайтына сәйкес жоспарланған медициналық нысандардың жалпы құны шамамен 3 трлн теңгені құрайды. (2 трлн. 950 млрд. теңге).

Сонымен қатар, «қайтару» мемлекеттің кепілдендірілген төлемдері, соның ішінде жеке инвестициялардың өтемақысы, серіктесті басқару және пайда, сондай-ақ тартылған қарыздар бойынша банктік пайыздар арқылы қамтамасыз етіледі.

Егер мемлекеттік клиникалар ең көп дегенде 300-500 млн. теңгеге сатылса және сирек жағдайларда – 1-1,5 млрд теңгеге сатылса, ал, әдетте, сенімгерлікпен басқару түрімен «сыйға тартылса», онда жаңа клиникалардың орнына бюджетке әрқайсысы жүздеген миллиард теңге жұмсалады.

Мәселен, Түркістан қаласындағы көп бейінді аурухананың операциялық шығындарын, инвестордың сыйақысын және кредиттер бойынша пайызын ескере отырып, 570 орынның инвестициялық шығындары 480 млрд.теңгені құрайды.  

«Астана медицина университеті» КЕАҚ жанындағы 800 орындық Біріккен университет ауруханасын салуға және пайдалануға берілетін төлемдер 900 млрд. теңгеге дейін жетеді.

Инвесторларға шығындарды өтеу тек осы екі аурухана бойынша шамамен 1,4 трлн. теңгеге «Нұр-Сұлтан қаласындағы Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасына ұқсас 17 аурухана салуға болады, ол барлық заманауи медициналық талаптарға сай келеді. (Анықтама ретінде: БІП - 2011 жылғы баға бойынша сметалық құны 40 млрд. теңге, 2022 жылы қайта есептелген бағамен 80 млрд. теңге).

Бұдан басқа, МЖӘ шеңберінде барлық жобаларды әкімшілендіру және үйлестіру үшін мемлекет тарапынан 2020 жылы «TURAR Healthcare» АҚ ұлттық операторы құрылды, яғни тағы бір квазимемлекеттік компания пайда болды.

Президент Қ.Ж. Тоқаев биылғы 21 қаңтарда бизнеспен кездесуде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін қайта іске қосуды тапсырды. «Бүгінде бұл механизм мемлекеттік сатып алу рәсімдерін айналып өту құралына айналды», - деп атап өтті ол.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы келесілерді сұрайды:

1) Мемлекет жекешелендірілген барлық медициналық мекемелер үшін инвесторлардың өздері нақты ақшамен қанша қаражат тапқанын және жекешелендірілгеннен немесе сенімгерлік басқаруға берілгеннен кейін бұл мекемелер мемлекеттен қанша қаражат алғанын хабарлау.

2) МЖӘ аясында жаңа медициналық нысандар бойынша құрылысқа, қызмет көрсетуге, басқаруға, операциялық шығындарға және пайыздарды төлеуге қанша мемлекеттік қаражат жоспарланғанын хабарлау.

3) Қоғамға қазіргі клиникаларды төмен бағада беруді және жаңа нысандарды триллиондап қаржыландыруды, осы схемалардың түпкі бенефициары кім екенін түсіндіру.

4) Халық пен мемлекеттің мүдделеріне тікелей қысым жасалған жағдайда, қалыптасқан көзқарастарды сыни тұрғыдан қайта қарау қажет.

Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары.